26 Қараша, 2020

Есірткі үшін 85, көлікті құжатсыз жүргізгені үшін 139 мың теңге айыппұл төледі

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жуырда Петропавлда жедел ақпарат берушінің көмегімен машинасында бір килограммға жуық марихуана алып бара жатқан 36 жасар тұрғын ұсталып, сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бір килограмм марихуана дегеніңіз үлкен көлем, бірақ соның бәрін сатпаймын, тек өзім тұтынамын дегенге Петропавл қаласы сотының судьясы сеніп, оған 85 мың теңге айыппұл ғана салған. Марихуана 15 полиэтиленді түйіншектерге бөлініп буылған екен, өзі ғана тұтынатын болса есірткіні осылай бөлшектер ме еді? Нанғысы келсе біздің қызыл жағалар да, соттар да балаша алданып қалады екен ғой...

Тасымалдаушы бұрын машина жүргізу құқынан да айрылған адам болып шықты. Ол түгіл машинаны иеленетінін куәландыратын құжаттары да болмаған. Сот осы бұзушылықтары үшін оған қосымша 139 мың теңге айыппұл салған.

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер заңсыз айналымнан 400 кг астам түрлі есірткі затын тәркіледі. Оның 350 кг астамы марихуана, ал 1 кг 690 грамы – синтетикалық есірткі, сондай-ақ 372 грамм героин.