Аймақтар • 26 Қараша, 2020

Адасқан балықшы аман табылды

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

СҚО Қызылжар ауданында Есілдің үстіне балық аулауға шығып, мұздың үстінде алысқа кетіп, адасып кеткен 59 жастағы балықшы құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Балықтың қызығына түсіп кеткен ол мұздың үстімен көп жүріп, қойып кеткен машинасынан  12-15 км алыстап кетіпті. Енді қайтайын десе өзінің жолдан адасып кеткенін біледі. Кешке күн суытқан, қараңғылық қоюлана түскен. Сасқан балықшы түнгі сағат 01.30 кезінде қалтафонымен 112 телефонына қоңырау шалып, көмектесулерін сұраған.

Балықшыны іздеуге Қызылжар аудандық ТЖ бөлімінің бастығы Аслан Ахметжанов бастаған топ шығып, таңғы сағат беске дейін іздеу шараларын жүргізеді. Ақырында балықшы Бәйтерек ауылынан 2 шақырым жерден табылған. Тоңып, қорыққаны болмаса балықшы аман екен. Құтқарушылар алғысын аямаған оны машинасына аман-есен жеткізген.