Футбол • 27 Қараша, 2020

Тағы екі команда плей-оффқа шықты

167 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Еуропа чемпиондар лига­сының топтық кезеңіндегі 4-тур ойындары мәресіне жетіп, плей-офф кезеңіне шыққан тағы екі команда анықталды.

Тағы екі команда плей-оффқа шықты

4-турда жеңіске жеткен «Бавария» мен «Манчестер Сити» мерзімінен бұрын келесі кезеңнің жолдамасын иеленді. Ал «Ливерпуль» күтпеген жерден өз алаңында «Аталантадан» жеңіліп қалды. «Атлетико» Мадридте «Локомотивпен» тең түссе, В тобының орталық ойыны саналған «Интер» – «Реал» (0:2) кездесуінде мадридтіктердің бағы жанды. «Боруссия М» Украинада «Шахтер» қақпасына жауапсыз 4 гол соғып, турнир кестесінде жеке-дара көш бастады. Сондай-ақ бұл турда «Порту» сырт алаңда «Марсельден» басым түссе (2:0), «Аякс» өз алаңында «Мидтьюлландты» 3:1 есебімен жеңді.