Саясат • 27 Қараша, 2020

Бронды техника күрделі жөндеуден өткізілді

402 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл «Семей Инжиниринг» акционерлік қоғамы жөндеуден өткізген техниканы қалпына келтіріп, қорғаныс тапсырысын тез арада 70 пайызға орындады. Кәсіпорынның базасында Т-72 танктері мен БМП-2 әскери құрлық көліктері күрделі жөндеуден өткізілді.

Бронды техника күрделі жөндеуден өткізілді

Мемлекеттік қорғаныс тапсырысы аясында бронды танктер күрделі жөндеуден өткізілді. Танктер мен әскери құрлық көліктерінің барлық функционалдық параметрлері қалпына келтіріліп, қосалқы бөлшектері, түйіндері мен агрегаттары ауыстырылды.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қару-жарақ пен әскери техниканы жаңа түр­лерімен толықтырылып жатқа­нына қарамастан, танк­тер бұрынғыдай Қарулы Күштердің басты соққы беруші күші болып қала береді. Бұған заманауи қарулы қақтығыстар да дәлел болады. Икемді, сенімді, атыс мүмкіндіктеріне ие және мықты бронды танктер ұрыс даласындағы өздерінің өмір­шеңдігі мен қуатын дәлелдеді.

«Семей Инжиниринг» АҚ кәсіпорны барлық бронды танк тех­никаларын күрделі жөн­деуді және жаңартуды жүзе­ге асырып жатқанын айта кеткен жөн.