Аймақтар • 27 Қараша, 2020

Павлодар облысында баланы суықта қалдырған ана ұсталды

20 рет көрсетілді

Павлодарда учаскелік полиция инспекторларының жедел іс-қимылдарының арқасында жас баланы қауіп-қатерге душар еткен 33 жастағы ана ұсталды.

Мәселен, 26.11.2020  жылы сағат 20.40-та полицияға Павлодар қаласындағы "Автовокзал" трамвай аялдамасының орындығынан 8-9 айлық жастағы азиялық бала табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Көзбен шолып қарау кезінде балада көзге көрінетін дене жарақаттары анықталған жоқ. Дереу жас балалар бойынша бағдар  жасалып, барлық аумақтық және шекара маңындағы аудандарға таратылды. Жақын маңдағы барлық көшелер тексерілді, куәгерлер мен көргендер арасында сауалнама жүргізілді. Жедел қызметкерлер мен учаскелік полиция инспекторлары қыс мезгілінде үлкен жұмыс атқарды. Нәтижесінде, учаскелік инспекторлар жедел түрде 32 жастағы павлодарлық  басқарған "Toyota Camry" автокөлігін анықтады. Оның айтуынша, "InDriver" мобильді қосымшасы арқылы ол клиенттерді тасымалдаумен айналысады. Бұл күні ол ШҚО Семей қаласынан Павлодар қаласына баласы бар әйелді алып келді, ол келген бойда әйелді автовокзалға қалдырды. Екі сағаттан астам уақыт өтті, күдікті әйел ұсталды. Оқиға бойынша ҚР ҚК 119 - бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, - деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов брифингте.

Полиция әйелдің тұрмыста емес екенін, асырауында кәмелетке толмаған екі ұлы (9 жас, 1,2 жас) бар екенін түсіндірді. Үлкен ұлы әжесімен Екібастұз қаласында тұрады. Соңғы жылдары ол өзі Тараз қаласында тұрған. Ұлын тастап кетуді алдын ала жоспарлапты.

Анықталғаннан кейін, жас бала жедел жәрдем дәрігерлерімен тексеріліп,  кейін Павлодар қаласының ауруханасына жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар

114 заңсыз қару тәркіленді

Қоғам • Бүгін, 11:07

Балқашта ауа сапасы нашарлайды

Экология • Бүгін, 09:57

UFC-ге қайта оралмақ

Спорт • Бүгін, 08:49

«Жұлдыз» жарқыраған сәт

Аймақтар • Бүгін, 08:47

Электр күбі жасады

Оқиға • Бүгін, 08:45

Өңірдің даму қарқыны артты

Экономика • Бүгін, 08:40

Мухинаның соңғы сальтосы

Спорт • Бүгін, 08:29

Алтайдың кербез маралы

Руханият • Бүгін, 08:23

«Ұлдардың» ұлағаты

Руханият • Бүгін, 08:21

Қолжазбаны оқитын қосымша

Оқиға • Бүгін, 08:11

Ұлы даладағы ұлы апат

Руханият • Бүгін, 08:07

Екі ауыз сөзді ежіктеп...

Қоғам • Бүгін, 08:03

Ұлықтайтын адамдарды ұмытпайық

Руханият • Бүгін, 07:56

Қайта өңделген алюминийге мұқтаж

Экономика • Бүгін, 07:43

Ескі техникадан құтылудың жолы

Экономика • Бүгін, 07:42

Ұқсас жаңалықтар