Қоғам • 27 Қараша, 2020

Қонақүйде 150 адамға дейін бір реттік банкет өткізуге рұқсат берілді

1778 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қонақүйде 150 адамға арналған іс-шара өткізуге рұқсат берілгенін айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қонақүйде 150 адамға дейін бір реттік банкет өткізуге рұқсат берілді

Еске салайық, мұның алдында әлеуметтік желілерде Бекшиннің қаладағы қонақүйлердің біріне 150 адамға дейін іс-шара өткізуге рұқсат бергені туралы құжат тараған еді. Желі қолданушылары бас санитар дәрігердің бұл қаулысына наразылық білдірген еді.

"Бұл жерде банкетке емес, қызметкерлерді оқытуға рұқсат берілді. Олар қазір ұзақ уақыт үзілістен кейін қайтадан қызметкерлер алып жатыр. Бірақ қонақүй басшылығы тарапынан қате жіберілді, бұл тек бір реттік іс-шара екені көрсетілмеді. ...Олар қауіпсіздік шараларын жүргізді, ауа рециркуляторларын орнатты, ауаны зарарсыздандыру үшін бактерицидті шамдар қойды", дейді Ж. Бекшин.

Сондай-ақ Жандарбек Бекшин осы шаралардың барлығына шамамен бір миллион доллар жұмсалғанын баса айтты.

"Сондықтан біз өз қызметкерлерімізді құрметтеп, оқыту бойынша бір реттік іс-шараға рұқсат бердік. Бұл 900 адамға арналған зал, біз 150 адамға рұқсат бердік", деп түсіндірді Бекшин.