Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры биыл Батыс Қазақстан облысында «Еңбек» бағдарламасы аясында 3 миллиард теңге несие таратыпты. Бұл қаражат ешкімге қол жаймай, өз кәсібін бастағысы келген еңбекқор жандарға үлкен көмек.

Бәйтерек ауданына қарасты Мичурин ауылы Орал қаласының іргесінде орналасқан. Кент десе де болады. Осындай ауылда он шақты сиыр сауып, қаймақ-май сатып отырған көп балалы келіншек туралы естіп, арнайы бардық.
Ауладан аттап кіргенде бізді қаңқылдап қаз қарсы алды. Білегін түрініп алған ақсары келіншек мал суарғалы жүр екен. Жерасты құдығынан шыққан судың түтігін астауға қоя салып, бізді шаруашылығымен таныстырды.
– 2018 жылы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына барып, 4 млн теңгені 6 пайыздық өсіммен алдым. Ол кезде 13 сиыр алып едік. Биыл біз сияқты көп балалы отбасына, әрі мүмкіндігі шектеулі бала тәрбиелеп отырған анаға жеңілдік бар екенін естідім. Сөйтіп, алдыңғы несиемді ертерек жауып, биыл тағы да 4 млн теңге несие алдым. Мұның пайыздық өсімі небәрі 4 пайыз. Бұл біз үшін үлкен көмек қой, – дейді Назира Сайлаубайқызы.
Назираның мінезі ашық, әңгімешіл екен. Таза еңбек адамының ақжарқын көрінісі. Күйеуі Болат «Орал – Нұр – Сұлтан» бағытындағы отарбаның жолсерігі екен. Үйде болғанынан сапарда жүргені көп. Екінші мүшелге таяған үлкен ұлы Сағынбек Ақсай қаласында вахталық әдіспен қызмет етеді. Сонда үйдегі шаруашылық түгелдей өзінің және 10 жасар кенже ұлы Нұрдәулеттің мойнында екен.
– Күнделікті мал жайғап, астын тазалауға әбден үйрендік, аға. Фитнес қой, – деп күледі Назира.
– Кіші балаңыз малдың соңына салып қойды деп ренжімей ме? – деп сұраймын абайлап.
– Жоға, ренжімейді. Осы мал арқылы ел қатарлы күн көріп отырмыз. Балаларым ақылы оқуда оқыды. Қазір қызым Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің халықаралық қатынастар факультетінде білім алып жүр. Осының бәрі ешкімге қол жаймай, адал еңбек еткеніміздің арқасы, – дейді Назира.
Назира күн сайын сиырларын сауып, сүтін, қаймағын, ірімшігін сатып табыс тауып отыр екен. Қазір қолындағы суалғалы тұрған 4 сиырдан күнделікті 20-25 литрдей сүт алып отыр. «Жақында желіндеп тұрған сиырларды ауылдан алып келеміз. Көріп отырсыз, орын тар» дейді. Шынында да небәрі 14 сотық ауланың әр бұрышын пайдаланып, бірнеше қора салып тастапты. Сиыр-торпақтан бөлек тауық, күркетауық, қаз өсіреді. «Биыл шөп қымбаттап кетті. Бір орамын 7,5 мың теңгеден алдық. Соның өзінде сапасы нашар екен. Жемді «тірілей» алып, өзім үйден тартып аламын» дейді шаруақор келіншек.
Назира Алматы облысының Шелек ауданында туған екен. «Райымбек батыр мен Мұқағалидың туысымын» деп қояды. Оралдағы жоғары оқу орнында оқып, қаржыгер мамандығын алып шыққан. Заманның аласапыран кезінде саудамен де айналысыпты. Үй шаруашылығымен, соның ішінде сүт тағамдарын өндірумен 2007 жылдан айналыса бастаған.
– Мені кәсіпкер қылған – осы балам ғой! – деп мейірленіп, мүгедектер арбасында отырған ұлының бетінен сүйді Назира үйге кіргенде.
Рамазан – Болат пен Назираның отбасындағы үшінші сәби екен. Дүниеге келген бейкүнә періштенің маңдайына ауыр науқас – БЦП диагнозы жазылыпты. Ұлын емдету үшін байғұс ананың бармаған жері жоқ. Қазір де күнделікті күтім, уақтылы массаж, ем-дом керек. Түрлі дәрі, қоспалар да қымбат.
– 2006-2007 жылдан бастап сиыр алдық, ешкі саудық. Ем таба алмай қиналдық. Әсіресе балама ақ керек болды. Сөйтіп жүріп осы Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорына кез болдық қой. Соңғы 3-4 жылда көп балалы аналарға, мүмкіндігі шектеулі балаларға көзқарас өзгеріп, Үкімет тарапынан көп көмек болып жатыр. Осыған ризамыз. Шынымды айтсам, осы несиені ешқандай тамыр-таныссыз, өзім барып алдым. Қор филиалындағы мамандар үйімізге келді, жағдайымызды көрді. Өздері зыр жүгіріп жүріп құжаттарды реттеді. 4 пайыздық жеңілдік бар екенін айтып, рәсімдеуге көмектескен де өздері. Мың алғыс айтамын азаматтарға!, – дейді Назира.
Бір қызығы, Назира дайындаған сүт өнімдерін базарға шығармайды, ел аралап сатпайды. Оның қолынан шыққан қаймақ-майдың дәмділігін білетін адамдар үйден өздері алып кетеді екен. «Ақтау мен Атыраудан келетін де таныстарым бар. Олар келсе, түп көтеріп сатып алады» дейді Назира.
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы халықты нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту үшін 2017 жылдан бері қолға алынған болатын. Биыл Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының Батыс Қазақстан филиалына «Еңбек» бағдарламасы аясында 3 миллиард теңге бөлінген екен.
– Бұл қаржының 500 миллион теңгесі Орал мен Ақсай қалаларындағы кәсіпкерлікті ұлғайтуға бағытталды. Сөйтіп, осы қаржыға 755 жоба қаржыландырылды. Мұның 459 жобасы – стартап. Жалпы несие берілген 149 жоба кәсіпкерлікке бағытталса, 603 жоба мал шаруашылығын дамытуға арналған. Биыл берілген несиелер негізінде жаңадан 208 жұмыс орны ашылды, – дейді Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ Батыс Қазақстан облыстық филиалының директоры Ербұлан Түшкенов.
Көріп отырғанымыздай, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының көмегін, «Еңбек» бағдарламасының пайдасын қарапайым еңбек адамдары, Назира Сайлаубайқызы сынды қажырлы жандар көріп жатыр. Олардың әрқайсысының өз тағдыры, өз тарихы бар. «Қарны ашқан адамға балық берме, қармақ бер» деген саясатты ұстанып отырған мемлекеттік бағдарламаның діттеген жеріне жетіп, ел игілігіне арналғанының бір дәлелі – дәл осы «Рамазан» жеке кәсіпкерлігінің қожасы Назира Сыдықбаева дер едік.
Батыс Қазақстан облысы
Қасым-Жомарт Тоқаев: Қазақстандық вакцинаны салдырамын
Президент • Бүгін, 14:05
Президент тұрғын үй нарығындағы алаяқтық операцияларды шектеу қажеттігін айтты
Қоғам • Бүгін, 13:56
Қызылордада биыл 4 ірі жоба іске қосылады
Аймақтар • Бүгін, 13:45
Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздегі байланыс пен интернет сапасын сынға алды
Технология • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы: Жыл соңына дейін пайдаланылмай жатқан жайылымдарды қайтаруды тапсырамын
Президент • Бүгін, 13:35
Шатырдағы мұз сүңгілері құлап, 11 жастағы бала көз жұмды
Оқиға • Бүгін, 13:25
Президент Үкіметке «Жасыл Қазақстан» ұлттық жобасын әзірлеуді тапсырды
Қазақстан • Бүгін, 13:23
Жайық өзенінің экологиялық ахуалы күрт нашарлап барады - Президент
Аймақтар • Бүгін, 13:18
Жер кодексіне түзетулер енгізіледі
Қазақстан • Бүгін, 13:15
Елорда әкімі тұрғындардың газдың бағасына келіспеушілігі болғанын мойындады
Елорда • Бүгін, 13:05
Экономикалық қылмыстарға қарсы күрес агенттігі құрылады
Президент • Бүгін, 13:04
Президент азаматтар қағаз жүзінде ғана жұмысқа орналасатын үш өңірді атады
Қазақстан • Бүгін, 12:58
Боранда жолға шыққандар жапа шекті
Оқиға • Бүгін, 12:57
Президент бюджетке түсетін салықтың аз екенін айтты
Президент • Бүгін, 12:51
Жерлесіміз АТР чемпиондық жарысында үшінші орынға көтерілді
Теннис • Бүгін, 12:49
Президент Гүлшара Әбдіхалықовадан облыстағы құрылыс қарқынының баяулау себебін сұрады
Аймақтар • Бүгін, 12:48
Президент шағын және орта бизнеске қолдау көрсетуді тапсырды
Экономика • Бүгін, 12:47
Қаржы • Бүгін, 12:46
Үндістанда екпе туралы қауесет таратқандар жазаға тартылады
Әлем • Бүгін, 12:43
Биыл 5,8 мың шақырым жол ақылы болады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Қ.Тоқаев Стратегиялық жоспарлау агенттігінің төрағасына тапсырма берді
Президент • Бүгін, 12:38
IIHF хоккейден әлем чемпионатын қабылдайтын қаланы бүгін анықтайды
Хоккей • Бүгін, 12:37
Алексей Цой: Үш өңірдің эпидемиялық ахуалы жеткілікті деңгейде қадағаланбай жатыр
Медицина • Бүгін, 12:37
Жамбыл облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Аймақтар • Бүгін, 12:32
СҚО-да қолайсыз ауа райынан төрт автокөлік соқтығысты
Аймақтар • Бүгін, 12:28
Президент Үкіметке Қызылорда облысына қолдау көрсетуді тапсырды
Президент • Бүгін, 12:24
«Қазақ радиосы»: Нұр-Сұлтанда көптеген көше атауы ауысып жатыр
Аймақтар • Бүгін, 12:22
«СҚ-Фармация»-ны бақылаушы құрамға арнайы қоғамдық жұмыс тобы құрылды
Медицина • Бүгін, 12:20
Экспорттаушылардың шығындарын өтеуге өтінімдер қабылдау басталды
Қазақстан • Бүгін, 12:19
«Жүйесіз сөз иесін табады» - депутат Ахметов өзін сынағандарға жауап берді
Қазақстан • Бүгін, 12:19
Өткен жылы 700 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алған
Бизнес • Бүгін, 12:15
iKomek109: Есірткіге тәуелді жандарға консультация беріледі
Аймақтар • Бүгін, 12:13
Қорғаныс министрлігінде апталық аппарат кеңесі өтті
Қазақстан • Бүгін, 12:11
Жер учаскесі онлайн рәсімделеді - Асқар Мамин
Қоғам • Бүгін, 12:04
Елімізде 100 жаңа ІТ-компания құрылады
Қазақстан • Бүгін, 12:02
Бейбіт Шүменов әлем чемпионы атағы үшін таласпайтын болды
Спорт • Бүгін, 12:00
Үкіметтің биылғы басты мақсаты – экономика өсімін 3 пайыз деңгейінде ұстап тұру
Қазақстан • Бүгін, 11:57
Қазақстандықтардың өмір сүру жасы 73,3 жасқа ұзарады
Қоғам • Бүгін, 11:57
Президент вакцинация мәселесіне қатысты тапсырма берді
Президент • Бүгін, 11:56
ЖОО сапасын арттыру үшін 20 академиялық орталық құрылады
Қазақстан • Бүгін, 11:54
2021 жылы әлемдік экономика 5,2%-ға дейін қалпына келуі мүмкін
Экономика • Бүгін, 11:49
Алматыда автобус қаққан әйел оқиға орнында мерт болды
Аймақтар • Бүгін, 11:48
Антикорда мониторингтік топтың жылдық қорытындысы шығарылды
Қазақстан • Бүгін, 11:46
Ұлттық бірыңғай тестілеу электронды форматқа көшіріледі
Білім • Бүгін, 11:44
Алексей Цой дәрі тапшылығына байланысты сұраққа жауап берді
Үкімет • Бүгін, 11:40
Бюджет саласындағы 1 млн-нан астам қызметкердің жалақысы өседі
Үкімет • Бүгін, 11:36
2021 жылы теңге бағамын тұрақтындыру бойынша жұмыстар жалғасады – Ерболат Досаев
Қазақстан • Бүгін, 11:35
Ұлттық банктің активтері жоғары деңгейде қамтамасыз етілді
Үкімет • Бүгін, 11:32
Халыққа тегін вакцинация жасау қамтамасыз етіледі
Үкімет • Бүгін, 11:28
Үкімет басшысы 2021 жылда дамыту тиіс 7 басты бағытты атады
Президент • Бүгін, 11:18
Қызылордада 10 жасар баланың өліміне қатысты істі арнайы комиссия тексереді
Аймақтар • Бүгін, 11:10
Қазақстан тұрғын үй құрылысы бойынша ТМД елдері арасында бірінші орында
Қазақстан • Бүгін, 10:55
Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы басталды
Президент • Бүгін, 10:54
Қазақстанда алғаш рет Климат сағаты пайда болды
Қазақстан • Бүгін, 10:47
Спорт • Бүгін, 10:47
Даңқты Уэйн Гретцки 60 жасқа толды
Хоккей • Бүгін, 10:45
Коронавирус уақыты соңғы 100 жылдықтағы ең ауыр дағдарыс - БҰҰ
Әлем • Бүгін, 10:43
Бүгін Валентин Йордановтың туған күні
Күрес • Бүгін, 10:35
Қызылорда облысында «қызметкерімен төбелескен» аудан әкімі туралы нақты ақпарат айтылды
Аймақтар • Бүгін, 10:30
Атырауда І топтағы мүгедек дипломын 13 жылдан соң алды
Аймақтар • Бүгін, 10:23
Қазақстанның 8 өңірі «қызыл» аймақта тұр
Коронавирус • Бүгін, 10:21
Бағдат Мусин қауіпсіздік саласындағы цифрлық жобалармен танысты
Қазақстан • Бүгін, 10:20
Автокөлікті мобильді қосымша арқылы онлайн тіркеуге болады
Қазақстан • Бүгін, 10:18
Барлық COVID-19 қарсы вакцинаның құрамы бірдей ме?
Қоғам • Бүгін, 10:15
Алматыда аралас жекпе-жектен екі турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 10:08
Шаңғыдан әлем чемпионаты көрерменсіз өтеді
Қысқы спорт • Бүгін, 09:57
Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 100 миллионға жуықтады
Коронавирус • Бүгін, 09:57
Атырауда шетелдік әйел танысын 50 мың теңгеге бопсалаған
Аймақтар • Бүгін, 09:55
Токио олимпиадасы уақытында өтеді - Томас Бах
Спорт • Бүгін, 09:52
Ұқсас жаңалықтар