Елорда • 30 Қараша, 2020

Алға ұмтылған Ақмола

198 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн баспасөз конференциясында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірде атқарылып жатқан жұмыстар туралы егжей-тегжейлі баяндап, қойылған сауалдарға тұшымды жауап берді.

Алға ұмтылған Ақмола

Облыс басшысының айтуына қа­раған­да, он айдың ішінде тәп-тәуір нәтижелерге қол жеткізіліпті. Өнер­­кәсіп саласында – 106,3 пайыз, ауыл шаруашылығында – 114,2 пайыз, құрылыс секторында – 111,7 пайыз өсім бар. Инф­ля­ция 5,1 пайыздан асқан жоқ. Еңбекақы 21 пайызға өсіп, орташа жалақы 163 мың теңгені құрады. Ин­вестицияның өсуі экономикалық өсім­нің драйверіне айналды. Сол себепті облыс бірқатар көрсеткіштер бойынша республикадағы үштіктер қа­тарында. Жыл басынан бері эконо­ми­каға шамамен 340 млрд теңге бағытталды, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23 пайызға жоғары. Инвестиция өсімі денсаулық сақтау саласында – 3,5 есе, білім саласында – 2 есе, өнеркәсіп саласында – 134,7, көлік саласында – 117,5, тұрғын үй құ­ры­лысында – 106,7, ауыл шар­уа­шылығы саласында – 103,7 пайыз болды. Дағдарысқа қарсы шара­лар шеңберінде шағын және орта бизнеске жан-жақты қолдау көр­се­тілді. Жекелей алғанда 20 мың­нан астам субъекті салықтық және несиелік жеңілдіктер алды. Олар­дың іскерлік белсенділігін арт­ты­ру үшін екі бағдарлама бойынша 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы бойынша 300 кәсіпкер мем­лекеттік қолдауға ие болды. «Еңбек» бағдарламасы бойынша 800-ден астам шағын несие және 700 қайтарымсыз грант берілді. Өңір­лік бизнес «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасына белсенді қатысуда. Биылғы жылы 120 бизнес-жоба 15,2 млрд теңгеге қаржыландырылды. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге жоғары. Жобаларды жүзеге асыру 1 300 жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

 «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 10 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Жалпы, еңбек нарығындағы әртүрлі бағ­дар­ламаларды жүзеге асыру есебінен 21 мыңнан ас­там жаңа жұмыс орындары ашылды, оның 13 мыңы тұрақты. Биыл инвестиция көлемі өткен жылғы деңгейден үш есе асып түсіп, 157 млрд теңге игерілді, өсім 134,7 па­йызды құ­рады. Индустрияландыру картасы бойынша 276 млрд теңгенің 38 жо­басы жүзеге асырылуда. Ауыл ша­руашылығы техникасының түр­ле­рі көбейді. Жұмыс істемей тұр­ған комбайн зауыты қайтадан серпін алды. «Каз-РостИнжиниринг» жаңа кәсіпоры­ны жобаға 7,5 млрд теңге инвес­тиция салды.

Аграрлық сектор өнеркәсіппен бір­ге өңір экономикасының негізі бо­лып қалуда. Осы жылы мем­ле­­кеттік қолдау ретінде шамамен 74 млрд теңге бөлінді. Ауыл шар­уа­шылығы дақылдарының бар­лық түр­лерінен жақсы өнім жиналып, 5,2 млн тонна астық қамбаға құ­йыл­ды. Гектар 11,8 цент­нер­ді құ­рады.

Мал шаруашылығын дамыту мақ­сатында 97 ет және 18 тауарлы сүт фермасы ұйымдастырылды. Шар­уашылықтар 9,5 мың бас жоғары про­дуктивті ірі қара сатып алды. Сүт­ті мал шаруашылығын дамыту әлеуеті 4 ірі тауарлы сүт ферма­ла­ры­ның құрылысымен байланыс­ты, әрқайсысында кем дегенде 1 мың бас ірі қара өсіріледі.

Импорт алмастырудың айтар­лық­тай мүмкіндіктері Макинск құс фабрикасы жобалық толық қуатына көшкен кезде пайда болады. Оның қайта өңдеу қуаттылығы жылына инкубатордан зауытқа дейін 100 мың тонна құс етін өндіруге қауқарлы. Макинск құс фабрикасынан бөлек азық-түлік белдеуін дамыту аясында өңірде 34 млрд теңгенің 41 жобасы жүзеге асырылуда.

Облыста тұрғын үй құрылысының саласы да жақсы дамып келеді. «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асы­рыл­ған сәтінен бастап, үш жылда шамамен 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй салынды. Биылғы жылға жоспарланған 570 мың шаршы метрді құрайтын 5 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді.

Жол инфрақұрылымына келер болсақ, биыл жергілікті маңыздағы 700 шақырымға жуық жол жөндеуден өтті, оның ішінде 250 шақырымы «Жұмыспен қамтудың жол картасы» аясында жүзеге асырылды. Соңғы үш жыл ішінде, биылғы жылды қоса алғанда 1,5 мың шақырым жергілікті маңыздағы жолдар жөнделді, оның 800 шақырымы ауылдық елді мекендерде.

Су тіршілік көзі болғаннан кейін тұрғындарды сапалы ауыз су мәсе­лесі толғандыратыны белгілі. 2020 жылы облыстың 54 елді мекенінде су тарату желілерін жөн­деу­ге және салуға байланысты жобалар жүзеге асырылуда. Жұмыс аяқталғаннан кейін 30 мың ауыл тұрғыны орталықтандырылған сумен қамтамасыз етіліп, сапалы ауыз сумен қамту аумағы 83 пайызға жетеді. Су тарату және сумен қамтамасыз ету жүйесін дамытудың жол картасы аясында 2023 жылға дейін 118 елді мекенде су құбырлары же­лі­лерін салу, 60 шағын ауылда блок-модульдер орнату жоспарланып отыр.

Орта білім беру жүйесінде мектеп оқушыларын қашықтан оқыту үшін барлық жағдай жасалды. Осы мәселеде Үкімет үлкен көмек көрсетті. 23 мың компьютер сатып алуға қаражат бөлініп, олар аз қамтылған отбасылардың балаларына берілді. Жергілікті бюджет есебінен 2,5 мың компьютер сатып алынды.

Денсаулық сақтау саласы ны­сан­­да­ры­ның құрылысы жал­ға­су­да. Көк­ше­тауда онко­ло­гия­лық емха­на­ның құрылысы аяқталуға жақын. Қосшы ауылында емхана салыну­да. Ол келесі жылы пай­да­ла­ну­ға беріледі. Өте ауқымды жоба – Көк­ше­тау қаласындағы 630 орындық за­манауи көпсалалы аурухананың құ­рылысы. Жаман тұмау жайлаған уа­қытта халықтың денсаулығына айрық­ша көңіл бөлініп отыр. Об­лыс­та ПТР зертханалардың саны алтау. Олардың резервтік қуат­ты­лы­ғы қажет болған жағдайда тест санын тәулігіне 3 мыңнан 7 мыңға дейін көбейтуге мүмкіндік бар. 1 000-нан астам төсектік орын дайындалды, резервте тағы 5 000 төсектік орын қамдалды. Қысқа мерзімде 200 орынға арналған инфекциялық аурухана бой көтерді. Қазір меди­ци­на­лық мекеме науқастарды қабылдап жатыр.

Өңірде медициналық ұйым­дар­дың материалдық-техни­ка­лық базасын нығайту бойынша Үкіметтің көмегімен көптеген ауқымды жұ­мыс жүргізілді. Атап айтсақ, ИВЛ аппараттардың саны 2,5 есеге, оттегі концентраторларының саны 5 есеге көбейді. 4 рентген-аппарат сатып алдынды, облыс бойынша бар­лығы 34 рентген-аппарат бар. Аудан­дық ауруханаларда 11 жыл­жы­­ма­лы диагностикалық кешен бар, бұл шалғайдағы ауылдарға қыз­мет көрсету шеңберін кеңейтуге мүм­кіндік береді. Таяуда жедел жәр­дем автопаркі 58 жаңа машинамен то­лықты.

Бүгінде ақ халатты абзал жан­дар­дың қажырлы еңбегі лайықты еленуде.
 4 мыңнан астам медицина қызметкеріне 3 млрд теңге көлемінде үстемеақы төленді. Жалпы, коронавируспен күресте 15,8 млрд теңге қаржы жұмсалды.

Жаппай және балалар мен жас­өс­пі­рімдер спортын дамыту мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Жаңа жобаларды есепке алсақ, таяуда облыста 14 қазіргі заманғы спорт кешені жұмыс істейтін болады.

Елордаға жақын елді мекендерге көп көңіл бөлінеді. Қала маңын дамытудың кешенді жоспары мен шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларға 18,2 млрд теңге бөлінді, ал «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы бойынша қо­сым­ша 7,3 млрд теңге игерілмек.

Биыл қаржыландырудың жалпы сомасы 25 млрд-тан астам теңгені құрады. Көпсалалы Pro­me­nade Burabay кешенінің құрылыс жұ­мыстары аяқталды. Сонымен бірге курортты аймақта шағын сәу­­летті кескін­демелер, қарау ала­ңы, жаяу жүр­гіншілер мен вело­сипедшілерге арнал­ған жол, абат­тан­дырылған турис­тік бағыттар пайда болды. Discovery аумағынан салын­ған акво­парк жаңа нысаны бой көтерді. Айналасында тиісті аттракциондары бар тамашалау шеңбері пайдалануға берілді.

Облыс орталығы – Көкшетау қала­сын дамытуға ерекше көңіл бөлі­нуде. Жылдан жылға облыс орта­лығының сыртқы келбеті ғана өз­геріп қоймай, тұр­ғын­дардың әлеу­мет­тік тұрмыс жағдайы да жақсара тү­суде.

Жол, жылумен қамту, білім беру және денсаулық сақтау жүйесінің сапасына қатысты мәселелер шеші­лу­де, аулаішілік абаттандыру жұ­мыс­тары жүргізіліп, тұрғын үйлер құры­лысы белсенді сипат алуда.

Жалпы, биылғы 10 ай ішінде қала экономикасына 60 млрд теңгеге жуық инвестиция салынды. Бұл осыдан 2 жыл бұрынғы инвестициялық көр­сеткіштен екі есе артық.

Ел Президентінің Жолдауында айтылған келелі мәселелерді жүзеге асыру бағытында ұйымшылдықпен жұ­мысқа жұмылған облыс жұрт­шы­лығы қажырлы қарқынмен алға ұм­ты­луда.

 

Ақмола облысы