Бүгінде коронавирус індетінің алдын алу үшін елімізде тиісті жұмыстар жүзеге асырылуда. Сонымен қатар қауіпті індетке қарсы отандық вакцина шығару қазіргі кезде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ерекше бақылауында. Бұл орайда қазір Жамбыл облысында Биологиялық қауіпсіздік проблемаларын ғылыми-зерттеу институтының жанындағы отандық иммундық препараттар шығаратын зауыттың құрылысы қарқынды жүргізілуде.

Қордай ауданы Гвардейский ауылында орналасқан аталған зауыт Президент тапсырмасына сәйкес салынуда. Бұл жоба тұрғындардың өмірін қауіпті індеттен қорғау мақсатында қолға алынып отыр. Зауыттың құрылыс-монтаждау жұмыстары осы жылы аяқталады. Қазіргі уақытта нысанға барлық инженерлік коммуникациялар желісі жүргізілген. Бұл жерде жұмысқа 145 адам күші мен 30 бірлік техника тартылған. Зауыт өз жұмысын келесі жылдың бірінші тоқсанында бастайды деп жоспарлануда. Мұнда әлемдік стандарттарға сәйкес иммунобиологиялық препараттар, оның ішінде коронавирус індетіне, тұмауға, туберкулезге, бруцеллезге, нодулярлық дерматитке және басқа да инфекциялық ауруларға қарсы вакциналар шығарылады. Жыл сайын биопрепараттардың 30-60 млн дозасын өндіру жоспарланған.
Қазіргідей күрделі кезеңде мемлекеттің қолдауы медицина саласына тың серпін беруде. Нәтижесінде, өңірде қауіпті індетпен күрес күшейген. Індеттің қайталануы ықтимал екінші кезеңіне де дайындық басталып кетті. Кезінде перинаталдық орталық болған ғимарат күрделі жөндеуден өтіп, бүгінде Тараз қалалық көпбейінді ауруханасы болып қайта жабдықталған. Аталған мекемеге 200 медициналық көпфункционалды төсек, компьютерлік томограф, 20 өкпені жасанды желдету аппараты, 2 дефибриллятор, қандағы газдар мен электролиттерді анықтайтын автоматтандырылған анализатор, оттегі стансасы және 30 реанимациялық төсек сатып алынған.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиевтің айтуынша, өңірде инфекциялық станционардан бүгінде 4 149 адам сауығып шыққан. Алайда осы уақытқа дейін тәулігіне 10 адам қауіпті індетті жұқтырған болса, әзірге сол көрсеткіш қайталануда. Коронавируспен күресте жергілікті бюджеттен қомақты қаражат қарастырылған. Мәселен, медициналық мақсаттағы құрал-жабдықтарды сатып алуға 1,6 млрд теңге бөлінген. Ол қаражатқа 2 экстрокорпаралды мембранды оксигенация аппараты, 100 көпфункционалды кереует, 14 өкпені жасанды желдету аппараты, 4 цифрлы рентген аппараты, 4 оттегі стансасы және тағы да басқа медициналық жабдықтар алынуда. Сонымен қатар республикалық бюджеттен Жамбыл облысының жедел жәрдем стансасына 66 медициналық көлік лизинг бойынша берілген. Осы уақытқа дейін өңірдегі жедел жәрдем көліктерінің тозығы жеткені туралы түрлі деңгейде мәселе көтерілген болатын. Енді сол олқылықтың орны толып, жедел жәрдем көліктері де жаңартылды.
Сондай-ақ бүгінде 53 өкпені жасанды желдету аппараты, 8 жылжымалы медициналық кешен алынған. Басқарма басшысы қазіргі кезде өңірдегі 78 медициналық ұйымға 6 млрд теңге көлемінде дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар жеткізілгенін айтты. «Ал медициналық ұйымдар бойынша айтар болсақ, олардың 34-і басқармаға қарайды. Сонымен қатар 35 ұйым – жекеменшік, қалған 9 ұйым – әскери-медициналық ұйымдар. Аталған
6 млрд теңгенің 1,1 млрд теңгесі коронавирус індетімен ауырғандарды емдеу және алдын алу үшін дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар алуға арналған», дейді Ә.Қалиев.
Ал қазір медициналық бұйымдарды ірі жеткізушілердің бірі саналатын «Super-pharm» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің зауыты да қауіпті індетпен күреске өз үлесін қосуда. Аталған нысан еліміздің Үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту бағдарламасы аясында 2011 жылы пайдалануға берілген. Облыс орталығының іргесіндегі Жамбыл ауданында орналасқан кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына шамамен 200 млн медициналық мақсаттағы бұйым шығаруға жетеді. Өндіріс орнында 480 адам жұмыс істейді. Енді жыл соңына дейін жұмысшылар санын 600-ге дейін арттыру жоспарлануда. Кәсіпорын бір реттік маскалар, бір реттік төсектік орын жапқыш-жиынтықтарын, бахилалар, комбинезондар мен бас киімдер, операциялық халаттар секілді барлығы 300-ге жуық бұйым түрін шығарады.
Жамбыл облысы
Қазақстанда коронавирустан айыққандар саны 153 мыңнан асты
Қазақстан • Бүгін, 09:44
Бір күнде мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Бүгін, 09:05
Нұр-Сұлтанда спорт кешенінің бассейнінен қыздың мәйіті табылды
Аймақтар • Кеше
Бірнеше облыста боран соғып, аяз болады
Қазақстан • Кеше
COVID-19 ауыр ағымын алдын-ала болжаудың әдісін тапты
Коронавирус • Кеше
“QI-Trade Kazakhstan” қаржылық пирамидасының екі директоры ұсталды
Қазақстан • Кеше
Соққан жел нысандарды қиратқан
Аймақтар • Кеше
Батыс Қазақстанда 15 мектепке шағын автобус берілді
Аймақтар • Кеше
Атыраулық оқушының өнері АҚШ әншісін тәнті етті
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Бүгін «Қайрат» сырт алаңда «ВитЭнге» қарсы ойнайды
Спорт • Кеше
Шетелден келген 3 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Қазақстан • Кеше
Спорт • Кеше
Ақтөбе облысында базар жанып кетті
Аймақтар • Кеше
2021 жылы азаматтарды апта сайын қабылдаймыз – елорда әкімі
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтан қаласы «қызыл» аймаққа енді
Аймақтар • Кеше
2021 жылы автобустарды 80 пайызға жаңарту көзделуде
Аймақтар • Кеше
Коронавирустық белгілері бар пневмонияның 71 жағдайы тіркелді
Коронавирус • Кеше
Атырауда БАҚ өкілдеріне 500 мың теңгенің сыйлығы берілді
Аймақтар • Кеше
Елімізде тағы 599 адам коронавирустан емделіп шықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанда өткен тәулікте 972 адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
Алдағы бес жылда Алматы облысында 5 млн. 400 мың шаршы метр тұрғын үй салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Петропавл тұрғыны өз үйінен мыңға жуық оқ тауып алған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Өскемендік жауынгерлер шеберлігін шыңдады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Желіде полицияға шабуылдаған ер адамның видеосы тарады
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Түркістан облысында 1500 шақырымнан астам жол жөнделді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Одақтың басты күші - ЕАЭО елдерінің экономикаларының бірін-бірі толықтыруы
Экономика • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда пәтерде жалғыз қалып қойған 2 жасар бала құтқарылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Бортта темекі шеккен ер адам елорда әуежайында ұшақтан түсірілді
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Мәскеуге жеткізілген 10 миллионға жуық медициналық қолғап қолданылған болып шықты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
ҚР Президенті: Мәжілістің жаңа құрамы халықтың әл-ауқатын жақсартуға баса көңіл бөлуі тиіс
Президент • 15 Қаңтар, 2021
СҚО-да басқа өңірлерден қоныс аударатындарға 714 баспана салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қасым-Жомарт Тоқаев Индонезия Президентіне көңіл айтты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Президент Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
Президент • 15 Қаңтар, 2021
Ресей Ашық аспан келісімінен бас тартты
Әлем • 15 Қаңтар, 2021
Қызылордалық зияткер баламалы қуат көзін ойлап тапты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алтын Емел ұлттық паркіне инвесторды анықтауға ашық байқау жарияланды
Экология • 15 Қаңтар, 2021
Гүлшара Әбдіқалықова облыстық мәслихат сессиясына қатысты
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда алғаш рет: ЕҰУ үзіліссіз 10 сағат тікелей эфир өткізді
Білім • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында жалпы өңірлік өнімді 5 трлн. теңгеге жеткізу көзделеді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Шығыс Қазақстанда шектеу шаралары ұзартылады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысында 34 мың орынды мектеп салынады
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Оралда қолына шприц ұстап, көшеде жүрген адам ұсталды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Инвестициялық кірістен БЖЗҚ комиссиясының шекті мәні 73%-ға төмендетілді
Қаржы • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтандағы карантиндік шаралар туралы қаулы жаңартылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Нұр-Сұлтанда биыл крещение рәсімі өтпейді
Елорда • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда жоғалған 3 адам аман-есен табылды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматының әкімі міндетін аяқтаған депутаттарға алғысын білдірді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Алматы облысының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасы бекітілді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Театр сыншылары үздіктерді анықтады
Руханият • 15 Қаңтар, 2021
Ауа райына байланысты 6 облыста дауылды ескерту жарияланды
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Алматыда індеттің өршуіне байланысты тәртіп күшейтілді
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Көлсай көлдері, Алтын Емел, Шарын ұлттық парктерінде инвесторға байқау жарияланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Отандық бизнесті қолдау шаралары артатын болады
Қазақстан • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда облыстық мәслихаттың хатшысы сайланды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық тұрғын жарты тонна балықты заңсыз тасымалдаған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Қарағанды облыстық мәслихатының құрамы жаңарып, бұрынғы хатшысы орнында қалды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Он күн ішінде Үкімет құрамы таныстырылады
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
«Елбасының кітапханасының» жаңа директоры тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Павлодарлық жүргізуші 5 жыл бұрын есептен шығарылған нөмірмен жүрген
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Жедел жәрдемнің қатысуымен болған апат: медициналық қызметкер қайтыс болды
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Асқар Мамин Премьер-Министр болып тағайындалды
Үкімет • 15 Қаңтар, 2021
Қазақстанда 33 жыл бойы өзгермей тұрған рекорд жаңарды
Қоғам • 15 Қаңтар, 2021
Ресей азаматы Қазақстанда 13 жыл құжатсыз тұрған
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Атырауда коронавирус жұқтырғандар 85 адамға көбейді
Аймақтар • 15 Қаңтар, 2021
Сенат Төрағасы Парламенттің алдағы жұмысына пікір білдірді
Парламент • 15 Қаңтар, 2021
Дариға Назарбаева Мәжілістің Экономикалық реформалар жөніндегі комитеті құрамына кірді
Парламент • 15 Қаңтар, 2021
Айгүл Құспан жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • 15 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар