Оқиға • 30 Қараша, 2020

Жамбылда қар құрсауында 51 адам қалып қойған

343 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті 51 адамды қар құрсауынан құтқарғанын хабарлайды, деп жазады Egemen.kz

Жамбылда қар құрсауында 51 адам қалып қойған

28 қарашада сағат 13:25 минутта Жамбыл облысы Жуалы ауданы, Республикалық маңызы бар "Алматы-Термез-Ташкент" автожолында (576-593 шақырымында) ТЖД-ның 5 қызметкері мен 2 дана техникасы қар құрсауында қалған 21 автокөлікті шығарды. Ондағы 51 адам құтқарылды. Оның ішінде 12 бала бар. Үш адам, оның ішінде екі бала басқа орынға көшірілді. Бұл туралы департаменттің Instagram-дағы парақшасында хабарланды.

Автожолдардың тазартылған учаскелеріне 21 жеңіл автокөлік сүйреп шығарылды.

Ведомство өкілдері жүргізушілерге абай болуын айтып, бұрқасын, тұман, көктайғақ туралы SMS хабарлама алған жағдайда мүмкіндігінше жолға шықпауға кеңес берді.