Әр тұрғынды жеке тыңдаған қала басшысы, мәселенің жедел шешілуін назарға алды. Мәселен Саяхат мөлтек ауданында балалар ойын алаңын салуды сұраған тұрғынның сауалына қатысты жауапты мамандарға зерттеуді және ойын алаңын салуға жыл аяғына дейін ұсыныс беруді тапсырды. Мәселе көтерген тұрғынға шаһар басшысы сол маңайдағы балалардың заманауи ойын алаңдарында ойнайтын күні де алыс емес екенін айтты.
Жерін заңдастыру бойынша онлайн қабылдауға жүгінген тұрғынның да сауалына қатысты заң шеңберінде жұмыс жасалып, мәселенің апта ішінде шешілетінін жеткізді.
Сонымен қатар қабылдауда жолданған басқа да сауалдарға байланысты жауапты сала басшыларына тиісті жұмыстар атқаруды тапсырып, орындалу барысы өз бақылауында болатындығын жеткізді.
Айта кетейік, бұған дейін қала әкімі 1000-нан аса тұрғынды онлайн қабылдады. Қалалықтар тарапынан көтерілген әр мәселенің заң аясында шешілуін ұдайы назарда ұстап келеді. Қоғамдық қабылдауды оңтайландыру мақсатында азаматтарға барынша ыңғайлы жағдай жасап, электронды кезек жүйесі қарастырылған.