Мерекелік шараға қатысқан аудан әкімі Қайрат Жолдыбай баспаналы болғандарды қуаныштарымен құттықтады. "Өз үйің өлең төсегің деген ұлағатты сөз бар халқымызда. Тағатсыздана күтіп, өз баспаналарыңыздың кілтін алып, құтты қадам жасағалы отырсыздар! Мемлекет тарапынан қолға алынған "Нұрлы жер" бағдарламасының аясында салынған тұрғын үй кешені әрқашан игіліктеріңізге жарап, берекелі шаңыраққа айнала берсін", деді аудан әкімі.
Айта кетейік, биыл аудандағы тұрғын үй құрылысы өткен жылмен салыстырғанда 51 пайызға артқан.