Аймақтар • 02 Желтоқсан, 2020

Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды

Қалалық құтқару қызметінің хабарлауынша, 1 желтоқсан күні 109 қызметі екі құтқару операциясын жүргізді.

"Алғашқы хабарлама, құтқару қызметінің 109 басқару пультіне кешкі сағат 18:45-те түсті. Қоңырау шалған үш турист қараңығы түсіп кеткендіктен, қайтар жолды таба алмай адасып кеткендерін айтты. Олар "Шымбұлақ" тау шаңғысы кешенінің жоғары жағында қалып қойған. Іздеу жұмыстарына 3 құтқарушы жұмылдырылды. Құтқарушылар туристерді теңіз деңгейінен 2900 метр биіктікте тауып алды. Олардың барлығы төменге түсірілді. Ешқандай адам зардап шеккен жоқ", деді қалалық құтқару қызметінің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ, Медеу ауданына қарасты, "Думан" шағынауданының маңында да құтқару жүмыстары жүргізілді.

Хабар берушінің айтуынша, Тексай өзенінде мұз кептелісі пайда болып, су деңгейі көтеріліп кеткен. Соның салдарынан, жеке үйлер мен Талғар тас жолын су басу қаупі туындаған. Оқиға орнына 4 техника бірлігі мен 5 жеке құрам жіберілді. Мамандар өзен арнасын мұздан тазартты.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше