Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2020

Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 11-ші орында

1042 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылғы мұнай қоры бойынша әлем елдері ішінде Қазақстан 30 млрд баррель көлемімен 11-орынға ие болды, деп хабарлады energyprom.kz.

Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 11-ші орында

Бірінші орында 302,8 млрд баррель мұнайымен Венесуэла көш бастап тұр. Сауд Арабиясы мен Канада үштікке енді.

Қазақстанда 2020 жылдың қаңтар-қазан айларында 61,2 млн тонна шикі мұнай өндірілді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6% аз. Ақшалай алғанда шикі мұнай өндірісінің көлемі 6,5 трлн теңгені құрады. Қазақстанда негізгі екі аймақ – Атырау мен Маңғыстау облыстары тиісінше өндірістің 64,3% және 22,8% құрады.

2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан 18,7 млрд АҚШ долларына 55 млн тонна мұнай экспорттады. ТМД елдеріне 120,3 млн АҚШ долларына 439,4 мың тонна шикі мұнай жөнелтілді. ТМД елдері арасында қазақстандық мұнайдың негізгі импортері – Өзбекстан. Қалған елдерге 18,6 млрд АҚШ долларына 54,6 млн тонна мұнай жіберілді. Италия, Нидерланд және Үндістан негізгі импорттаушылар болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше