Қазақстан • 03 Желтоқсан, 2020

Қазақстанға ПТР-анықтамасыз 147 авиажолаушы келді

64 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2 желтоқсанында Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Нидерланды, Корея, Мысыр, БАӘ, Түркия, Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасынан 13 халықаралық әуе рейсі келді, - деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанға ПТР-анықтамасыз 147 авиажолаушы келді

992 әуе жолаушыларының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 845 адам, анықтамасыз 147 адам - ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:
Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 6 рейс, 449 жолаушы, анықтамамен - 324, анықтамасыз - 125;
Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 412 жолаушы, анықтамамен - 392, анықтамасыз - 20;
Орал қаласының әуежайына - 2 рейс, 40 жолаушы, анықтамамен - 39, анықтамасыз - 1;
Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, 91 жолаушы, анықтамамен - 90, анықтамасыз – 1.

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. Барлық 147 азаматтың тест сынамасы теріс нәтиже көрсетті.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше