Қазақстан Парламенті персонал ұсынуға қатысты қызмет көрсету бойынша кейбір заңнама актілерін екінші оқылымда мақұлдады, деп хабарлайды Egemen.kz

Баяндама оқыған сенатор Сергей Ершов құқықтық реттеудің жоғынан жалданып жасайтын жұмысшылардың құқығы өрескел бұзылған жағдайлар туралы айтты.
Оның айтуынша, депутаттар әркімнің де қауіпсіздік пен гигиена талаптары сақталатын еңбек шарттарын алуға құқығы бар болғандықтан және қандай да бір дискриминациясыз сыйақы алуға құқығы бар болғандықтан, осындай заң жобасын көтеріп отыр.
"Осы жоба аясындағы заңнамалық бастамалар жұмыспен қамтудың икемді нысандарын енгізу, оларды нормативтік реттеу, еңбек мобильдігін арттыру үшін қосымша пәрменді тетіктерді әзірлеу туралы көптеген мәселені шешеді. Заң жобасында Азаматтық, Еңбек және Кәсіпкерлік кодекстерге және "Халықты жұмыспен қамту туралы", "Қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы" екі заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделген", деп хабарлады сенатор.
Азаматтық кодекске өтелмелі қызмет көрсету шартының жаңа түрі - персоналды ұсыну бойынша қызмет көрсетуге арналған шарт енгізіледі, оған сәйкес бір тарап (жіберуші) өз қызметкерін екінші тараптың (қабылдаушы) мүддесінде, басқаруымен және бақылауымен жұмысты орындау үшін жібереді.
Еңбек кодексіне мына түзетулер енгізіліп отыр:
- жіберуші тараптың қызметкерлеріне қатысты еңбекақы төлеу саласында кемсітуге тыйым салынады;
- қолданыстағы заңнамаға сәйкес ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиян және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жіберуші тараптың қызметкерлері үшін жыл сайынғы ақы төленетін қосымша еңбек демалыстары көзделеді;
- еңбегі ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиян және (немесе) қауіпті жұмыстарда жүзеге асырылатын жіберуші тараптың қызметкерлеріне жоғары лауазымдық айлықақылар немесе қосымша ақылар белгіленеді;
- еңбегі ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиян және (немесе) қауіпті жұмыстарда жүзеге асырылатын жіберуші тараптың қызметкерлеріне жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы көзделеді.
Сонымен қатар, депутаттар өндірістік нысандарды еңбек жағдайлары бойынша аттестаттау нәтижелері берілмеген жағдайда жіберуші тарапқа қабылдаушы тараппен персоналды ұсыну бойынша қызметтер көрсетуге шарттар жасасуға тыйым салуды ұсынды.
Заңда жұмыс берушінің жіберуші тараптың қызметкерлері алкогольдік, есірткілік, уытқұмарлық масаң күйде болған жағдайда оларды жұмыстан шеттету міндеті бекітілген. Сонымен қатар, жіберуші тарап қызметкерінің қабылдаушы тараптың актілеріне сәйкес профилактикалық медициналық тексеруден өту міндеті де бекітілген.
Еңбек кодексі "жіберуші тарап", "жіберуші тарап қызметкерлері", "қабылдаушы тарап", "қабылдаушы тарап актілері" және "персоналды беру" сияқты жаңа анықтамалармен толықтырылады.
Кәсіпкерлік кодекске жіберуші тарап жұмыскерлерінің еңбегін пайдаланатын кәсіпкерлік субъектілері жұмыскерлерінің жылдық орташа саны жіберуші тараптың жұмыскерлері ескеріле отырып айқындалатын норма енгізіледі.
Сондай-ақ, жұмыс беруші рұқсаттар бойынша тартатын шетелдік жұмыс күшінің саны персоналды беру жөніндегі шарт аясында еңбек қызметін жүзеге асыратын қызметкерлерді ескере отырып, қазақстандық кадрлардың санымен пайыздық арақатынасқа сәйкес келуі тиіс болуын көзделеді.
Аутстаффинг – бұл қызметкерлерді компания штатына шығару. Аутстаффинг кезінде персонал нақты жұмыс беруші болып отырған фирмамен емес, делдал ұйыммен немесе аутстаффермен еңбек шарттарын жасасады.
Заң ел Президентіне қол қоюға жіберіледі.
Асхат Аймағамбетов білім саласының өкілдерімен кездесті
Білім • Бүгін, 14:38
Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын онлайн-форматта қабылдады
Елорда • Бүгін, 14:21
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Бүгін, 13:52
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Бүгін, 13:38
«Shymkent Chemical Company» кәсіпорнының құрылысы аяқталуға таяды
Аймақтар • Бүгін, 13:22
Өңірлердегі мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 12:25
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Бүгін, 12:07
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 11:44
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 11:31
Отбасы банкінде тұрғын үйді сатуға бес жылға шектеу қойылғандығы түсіндірілді
Қоғам • Бүгін, 10:52
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:24
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:44
Кардиология институтында бауырды тексеретін бірегей УДЗ аппараты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 09:02
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар