Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2020

ҚХА жүзден астам қайырымдылық акция өткізді

177 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметі этносаралық келісім мен толеранттылықты нығайтуға, түрлі мәдениет түрлерін өзара дәріптеуге, этностардың әдет-ғұрыптарын, дәстүрлері мен тілдерін сақтауға және дамытуға бағытталған. Ассамблея мәдени-ағарту және шығармашылық жұмыстар жүргізеді, құқықтық және әлеуметтік көмек көрсетеді.

ҚХА жүзден астам қайырымдылық акция өткізді

Елордалық Достық үйі Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының бет-бейнесі іспеттес. Мұнда халықаралық және республикалық деңгейдегі іс-шаралар өткізіледі. 2020 жылы 17 565 адамның қатысуымен 127 іс-шара өтсе, оның ішінде 75-і онлайн режимде болды. Достық үйінде 22 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Ассамблея құрылымында 12 этнолингвистикалық кешен, 6 қоғамдық келісім кеңесі, медиация кабинеті, ғылыми-сараптамалық топ, аналар кеңесі, шығармашылық 80 ұжым, "Жаңғыру жолы" РЖҚ қалалық штабы, ақсақалдар кеңесі, "Парасат" қайырымдылық қызметін үйлестіру орталығы, "Аналар аманаты" қолөнер шығармашылық орталығы, "Мәміле" ситуациялық қазақ тілін үйрететін пікірсайыс клубы, "Жыр орталығы" бар.

11 ЭМБ жанынан жастар қанаты құрылып, "Жаңғыру жолы" республикалық жастар қозғалысының қалалық штабы жұмыс істейді.

"Этномәдени бірлестіктердің мүшесі болғысы келетіндер Достық үйіне, Б.Момышұлы 24/9 мекенжайына жүгінуге болады", - деп атап өтті елордалық ҚХА өкілдері.

2020 жылы карантин жағдайында қалалық Ассамблея онлайн режимде жұмыс істеді. Биыл 119 қайырымдылық іс-шарасы өткізілді. Атап айтсақ, Түркістан облысының Мақтаарал ауданында зардап шеккендерге көмек көрсетуі, ҚХА-ның ТЖ, карантин режимі кезінде белсене атсалысуы. "30 игі іс "акциясы аясында жұмыс әлі де жалғасатын болады.

ҚХА-ның 25 жылдығы қарсаңында Қазақстан халқы Ассамблеясының ерен еңбегі үшін, ассамблеялықтарға "Қазақстан халқы Ассамблеясына 25 жыл" мерейтойлық медальдары табысталды.

Соңғы жаңалықтар

Су үнемдейтін қондырғы

Технология • Кеше