Аймақтар • 03 Желтоқсан, 2020

9 келіге жуық марихуана тасымалдаған азамат ұсталды

252 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қызылордада аса ірі мөлшерде есірткі тасымалдаған қала тұрғыны құрықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

9 келіге жуық марихуана тасымалдаған азамат ұсталды

2020 жылдың 1 желтоқсанында патрульдік полиция қызметкерлері “Қызылорда-Павлодар” тас жолының 12-шақырымында жол ережесін бұзған жеңіл автокөлікті тоқтатқан. Тексеру барысында автокөліктің жүк салғышынан жолаушыға тиесілі ерекше иісі бар шөп салынған полиэтилен пакет алынды. Сараптама қорытындысы бойынша ерекше иісі бар зат салмағы тоғыз келіге жуық кептірілген марихуана екендігі анықталды.

30 жастағы Қызылорда қаласының тұрғыны Полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 296-бабының 4-бөлігімен (Аса ірі мөлшердегі есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді өткізу мақсатынсыз заңсыз дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау, тасымалдау) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Соңғы жаңалықтар

Қауқарлы құс фабрикасы

Экономика • Бүгін, 09:05

Талап пен тәжірибе

Жұмысшы мамандықтар жылы • Бүгін, 08:55

Қазақ тойының төлқұжаты

Руханият • Бүгін, 08:53

Бір тәулікте – 8,3 миллион дана

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:45

Тәлімгер тәлімі

Қоғам • Бүгін, 08:38

Табыл Құлыяс қазынасы

Қоғам • Бүгін, 08:30

Ең үлкен кітап дүкені

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:23

Сыр сүлейлерінің сарқыты

Руханият • Бүгін, 08:18