Қазақстан Солтүстік Еуропа инвесторларының назарында, деп хабарлайды Egemen.kz

Қазақстанның Финляндия, Швеция, Дания және Норвегиямен инвестициялық және сауда-экономикалық ынтымақтастығының мүмкіндіктері «Қазақстан - Солтүстік Еуропа» іскер топтарының алғашқы инвестициялық кездесуі аясында талқыланды.
Іс-шараға Солтүстік Еуропаның 200-ден астам компаниясы қатысты. Іс-шарада ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров, Danish Industry директоры Йенс Холст-Нилсен, ҚР-дағы Еуропалық Одақ делегациясының басшысы Свен-Олов Карлссон, сондай-ақ екі елдің бизнес-қоғамдастығы, сауда-өнеркәсіп палаталары, салалық министрліктер мен квазимемлекеттік органдар өкілдері сөз сөйледі.
Іс-шараны ашқан ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров пандемияның теріс әсеріне қарамастан, Қазақстан өзара тиімді ынтымақтастық үшін жаңа мүмкіндіктер іздеуді жалғастырып жатқанын атап өтті. Осыған байланысты ел Солтүстік Еуропа елдерімен серіктестікті кеңейтуге және тереңдетуге мүдделі.
«Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет біз Солтүстік Еуропа елдерінің қатысуымен инвестфорум ұйымдастырудамыз. Біздің өзара іс-қимылымыздың деңгейі негізсіз төмен деп санаймын. Біздің елдеріміз ұзақ мерзімді өзара тиімді ынтымақтастық үшін, әсіресе, балық пен бидай өсіру және қайта өңдеу, ЖЭК, мұнай-химия жобаларына арналған жабдықтар өндіру, сондай-ақ цифрландыру сияқты маңызды секторларда зор әлеуетке ие. Біздің еліміз инвестициялық ахуалды жақсартуға бағытталған реформаларды дәйекті түрде дамытып келеді. Біз Үкімет пен инвесторлар арасында тікелей және ашық диалогты, сондай-ақ жаңа инвестицияларды, озық технологиялар мен ноу-хауды тарту үшін инфрақұрылымды үнемі жақсартуды қамтамасыз етеміз», деп атап өтті Алмас Айдаров.
«Қазақстан Республикасының инвестициялық мүмкіндіктері» сессиясында сөз сөйлеу барысында «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Сартбаев шетелдік бизнесті қолдау шараларымен, сондай-ақ форумға қатысушыларды елдің инвестициялық әлеуетімен таныстырды.
Оның айтуынша, бүгінде компания Қазақстанға инвестиция салғысы келетін инвесторларға 100-ден астам инвестициялық ұсыныс ұсынуға дайын. Инвестициялық ұсыныстарға бизнес-жоспар, қаржылық модель және әлеуетті жергілікті серіктесті таңдау кіреді.
«KAZAKH INVEST жобаларды басқару және кеңес беру саласында көптеген құзыреттерге ие. Бүгінгі күрделі кезеңде инвесторларға барлық қажетті қолдауды ұсыну біздің басымдығымыз болып табылады», деп хабарлады Бауыржан Сартбаев.
Сонымен қатар, іс-шара барысында «Aller Aqua» AS, «BTG Solenergy», «Arla Foods Amba» AS, «AF Gruppen», «ThermoSeed Global AB», «Trade Scandinavia» АВ, «Geodesign Barriers», «Nord Development Consulting», «Swedavia Airports» және т. б. ірі компаниялармен екіжақты кездесулер ұйымдастырылды.
Іс-шараны ҚР Сыртқы істер министрлігі, ҚР Швециядағы (Дания), Норвегиядағы және Финляндиядағы елшіліктері, сондай-ақ «KAZAKH INVEST» ҰК» АҚ және Осло қаласының Сауда палатасы ұйымдастырды.
Айта кету керек, 2005 жылдан бастап Швеция, Норвегия, Дания және Финляндия Қазақстан экономикасына жалпы алғанда $2,4 млрд-тан астам инвестиция салды, тек соңғы 4 жылдың ішінде Солтүстік Еуропа мен Қазақстан арасындағы тауар айналымы $3 млрд-тан астам соманы құрады, бүгінде Қазақстанда әлемге әйгілі «Metso», «Wartsila», «Tikkurila», «Ericsson», «Scania», «ABB», «Electrolux», «H&M», «Novo Nordisk», «Castrol» сияқты компаниялар табысты жұмыс істеуде.
Асхат Аймағамбетов білім саласының өкілдерімен кездесті
Білім • Бүгін, 14:38
Алтай Көлгінов елорда тұрғындарын онлайн-форматта қабылдады
Елорда • Бүгін, 14:21
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Бүгін, 13:52
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Бүгін, 13:38
«Shymkent Chemical Company» кәсіпорнының құрылысы аяқталуға таяды
Аймақтар • Бүгін, 13:22
Өңірлердегі мемлекеттік сатып алуларға мониторинг жүргізіледі
Қоғам • Бүгін, 12:25
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Бүгін, 12:07
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Бүгін, 11:50
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 11:44
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 11:31
Отбасы банкінде тұрғын үйді сатуға бес жылға шектеу қойылғандығы түсіндірілді
Қоғам • Бүгін, 10:52
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 10:24
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Бүгін, 09:44
Кардиология институтында бауырды тексеретін бірегей УДЗ аппараты іске қосылды
Қоғам • Бүгін, 09:02
Спорт • Кеше
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • Кеше
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • Кеше
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • Кеше
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • Кеше
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • Кеше
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • Кеше
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • Кеше
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • Кеше
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • Кеше
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • Кеше
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • Кеше
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • Кеше
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • Кеше
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • Кеше
«Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылуы талқыланды
Қазақстан • Кеше
Татарстандағы мұнай кәсіпорнында жарылыс болды
Видео • Кеше
Қазақстан • Кеше
Ақсу қаласына жаңа әкім тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Заңгерлерді даярлау меморандумына қол қойды
Аймақтар • Кеше
«Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 23 жоба жүзеге асты
Аймақтар • Кеше
Ақтөбе облысындағы кеніштегі жазатайым оқиғаның себебі анықталды
Аймақтар • Кеше
Нұр-Сұлтанда COVID-19 індетінің өсуі байқалады
Аймақтар • Кеше
Шетелден келген 10 жолаушыдан коронавирус табылды
Қазақстан • Кеше
Ауданды 100 пайыз газбен қамту міндеті тұр
Аймақтар • Кеше
Елордада қысқа мерзімді кәсіптік оқу басталды
Аймақтар • Кеше
Фемида қызметкері адам өмірін құтқарып қалды
Аймақтар • Кеше
Жетісуда тағы 78 адам індет жұқтырды
Аймақтар • Кеше
Атырауда 111 адамнан коронавирус анықталды
Аймақтар • Кеше
Жыл басынан бері Маңғыстауда 8000 ЭЦҚ берілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар