Кино • 04 Желтоқсан, 2020

Қолдауға қолы жеткен фильмдер

285 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының баспасөз қызметі екінші питчингтің қорытындысы бойынша өндіріске жолдама алған коммерциялық фильмдермен таныстырды.

Қолдауға қолы жеткен фильмдер

Атап айтқанда, келер жылы дебюттік, анимациялық, қысқа метрлі, авторлық картиналар мен коммерциялық әлеуеті жо­­ғары бірқатар жоба фильм­ге айналып, көрерменге жол тартпақ.

Болашақ отандық блок­бастерлердің тізбегін қазақ­стандық ең табысты режис­серлердің бірі Асқар Бисем­бин бастайды. Ол кино орта­лығымен серіктестік орната отырып, «Билет из рая» ко­ме­диялық мелодрамасын жа­рыққа шығармақшы. Автор бұл жо­баның пайда болуына өз қызы Камилланың сұрағы себеп бол­ғанын атап өткен. «Әкеңіз тірі болғанда онымен қандай сырыңызды бөлісер едіңіз?», деген сауал оны ойландырып тастайды.

Лирикаға толы тағы бір кино – Асқар Ұзабаевтың «Адам және Алма» мелодрамасы болмақ.

Бас кейіпкер Адам қары­зын өтеу үшін жер сату туралы шешім қабылдайды. Сол ше­шімімен әкесінің 30 жыл бойы күтіп-баптаған ал­ма б­ағының тағдырын бір са­ғат­тың ішінде күл-талқан қы­лады. Жерді сатып алушы – ірі құрылыс компания­сы бақ­ты сақтап қалғысы кел­мейді. Оның орнына шипажай салу ниетімен бақты ша­уып тас­тайды. Атақты Ал­маты ал­ма­­ларының тарихынан ақша қым­­батырақ болып шығады. Селекционерлердің көпжылдық еңбегі бақша қыз­меткерлерінен басқа еш­кімге керек емес екен. Бірақ олар жер иесіне қар­сы келе алмайды. Осы кезде кейіпкердің басты трансформациясы орын алады. Адам өз әкесінің ісін түбегейлі жойып жібере жаздағанын түсініп, жаңа бақ салып, бірегей алма сұрыбын өсіруді қолға алды. Картинаның түсірілімі Алматы облысында өтеді, ал басты рөлдерді Берік Айтжанов пен Альмира Тұрсын сомдайды.

Режиссер Айдын Сама­хан­ның «Дос-Мұқасан» фильмі де көрермен қызығушылығын тудыратыны сөзсіз. Өйткені әндері ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ел тарихындағы ең таны­мал музыкалық ұжымның қа­лып­тасуы жайлы баяндайтын фильм­де мюзикл элементтері бар.

Қоюшы-режиссер биогра­фиялық киноны өзгеше тәсіл­мен түсіруді және «Дос-Мұқа­санның» қаһармандарын кар­тинаның сюжетіне шеберлікпен үйлес­тіремін деп уәде еткен.