Бүгін Таиланд полициясы оппозиция жетекшісі Сутеп Таугсубанды қамауға алу жөнінде арнайы іс-шара жүріп өтетінін мәлімдеді. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.
Оппозиция өкілдері өз жетекшілерін қорғап қалуға дайын екендерін алға тартты.
Кеше жергілікті БАҚ өкілдері мәлімдегендей, Бангкок соты Сутеп Таугсубанға мемлекеттік төңкеріс ұйымдастырмақ болды деген айып тағып, оны қамауға алу жөнінде шешім шығарған. Сот тергеу амалдарының Бангкоктағы үкіметтік мекемелерді басып алу әрекеттері үшін оппозиция жетекшісі жауапты деген дәлелдерімен келісті. Ал мемлекеттік төңкеріс ұйымдастыруға әрекеттенген үшін Таиландта өлім жазасы немесе өмір бойына түрмеге қамау жазасы қарастырылған.
Бұдан бұрын 26 қарашада Бангкок соты Сутеп Таугсубанды мемлекеттік мекеме аумағын басып алды деген айыппен қамауға алуға шешім шығарған болатын. Алайда, сот шешіміне қарамастан оппозиционер бостандықта қала берді. Ол премьер-министр Йинглак Чинават отставкаға кететін болса, өз еркімен полицияға берілетінін мәлім еткен.
Айдар Өрісбаев.
Дереккөз: Itar-tass.com