Өйткені, оңтүстік астананың Сәтбаев көшесі, 90/21 мекен-жайындағы "Avtodom" сауда орталығында автокөлікті тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсететін мамандандырылған ХҚО-ның шағын бұрышы ашылды.
Мамандандырылған ХҚО бұрышының ашылуына "Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Данияр Қырықбаев, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы қалалық департаментінің басшысы Дастан Секенов, "Best24" ЖШС (Carnac Motors) директоры Әмір Өрісов, "ADK Property Development" ЖШС директоры Алмат Құрманғазиев, қоғамдық бірлестіктер мен басқа да "Avtodom" ЖШС өкілдері қатысты.
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Алматы қалалық филиалының директоры Данияр Қырықбаевтың айтуынша, көлік құралдарын қайта тіркеу қызметтері – алматылықтар мен қала қонақтары арасында сұранысқа ие. Сондықтан филиал 2019 жылдан бастап автосалоннан көлік сатып алушыларды мамандандырылған ХҚО-ға келтірмей-ақ, қызмет көрсету үрдісін қолға алған.
"Қанатқақты жоба салондардан көлік сатып алатын азаматтар үшін өте ыңғайлы болғанын көрсетті. Осы жобаның қолайлылығын байқаған "Avtodom" ЖШС басшылығы да өздерінде МХҚО бұрышын ашуды ұсынды.Біз бұл бастаманы қолдап, бүгін мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу үшін 2 орын және көлікті қайта тіркеу үшін бір маман орналастырдық", дейді Қырықбаев.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, гипермаркет аумағында мемлекеттік қызмет көрсету – кешенніңқызмет спектрін ұлғайтады және қызмет алушыларға қолайлы жағдай жасайды, олардың уақыты мен қаражатын үнемдейді.
Естеріңізге сала кетейік, осы уақытқа дейін Алматы автосалондарында 3 шағын мамандандырылған ХҚО жұмыс істеген болатын. Олардың ішінде ALLUR AUTO, Astana Motors, Aster Auto бар. Онда аталған қызмет көрсету бөлімшелері ашылған сәттен бастап, автокөлікті қайта тіркеу бойынша 11 мыңнан астам қызмет көрсетілді.