Бүгін облыс әкімі Амандық Баталов өңірдегі агроөнеркәсіп кешені еңбеккерлерін құттықтап, бірқатар марапатты тапсырды. Шара онлайн режімде өтіп, аудан, қалалардың өкілдері жиынға бейнебайланыс арқылы қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Облыс басшысы өңір халқының 80%-ы ауылдық жерлерде тұратындықтан аграрлық саланың дамуы халықтың әл-ауқатымен тығыз байланысты екенін тілге тиек етті. Облыстың басымдық беретін дақылдарын өсіру, өңдеу ісін дамыту, инвестиция тарту сияқты көптеген осы саладағы негізгі бағыттардың аяқ алысына, ауыл шаруашылығы саласындағы жаңалықтар мен жетістіктерге қысқаша тоқталды.
"2020 жыл коронавирус індетіне байланысты оңай болған жоқ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасына сәйкес Үкімет дер кезінде қолдау шараларын қабылдады. Соның арқасында көктемгі егіс жұмыстары уақытылы жүргізілді. Облысқа көктемгі егіс жұмыстарына "Аграрлық несие корпорация" арқылы берілген 1,1 млрд теңге жеңілдетілген несие көп көмек болды. Егіс алқабының көлемі 7 мың гектарға артып, 968 мың гектарға жетті. Ауа райының қолайсыз болғанына қарамастан облыс еңбеккерлерінің тынымсыз еңбегінің арқасында 1,4 млн тонна дәнді дақылдар жиналды. Жүгерінің шығымы гектарына 67,2 центнерден болып, 581 мың тонна өнім жиналды. Қант қызылшасы биылғы жылы орта есеппен гектарынан 380 центнерден алынды.Жекелеген шаруашылықтарда бұл көрсеткіш 600-800 центнерге жетті, 550 мың тонн өнім жиналды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 25 мың тоннаға артық. Биыл 50 мың тонна ақ қант алу жоспарланған. Осы ретте өңірдегі қызылша өсірушілерді қолдау мақсатында 2021 жылдан бастап өңдеуге өткізілген өнімнің әр тоннасына берілетін сусидия көлемін 10 мың теңгеден 12 мың теңгеге өсіреміз", деп атап өтті А. Баталов.
Сондай-ақ облыс әкімі өз сөзінде мал шаруашылығын өркендету, ирригациялық жүйелерді қалпына келтіру, салаға стратегиялық инвесторлар тарту мәселесіне де тоқталды. Мәселен, америкалық "Тайсон фудс" компаниясының ірі қара етін өңдейтін зауыты, германиялық инвестор "Бауман" компаниясының ұсақ мал етін тереңнен өңдейтін жобасы қолға алына бастады. 7 жыл тоқтап тұрған, қуаты 29 мың тонна болатын "Отан Грин Фуд" құс фабрикасы қайта жаңғыртылуда.
"Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 50,9 млрд. теңгеге жетті, жыл басынан 25 инвестициялық жоба іске қосылды. Жалпы қабылданған шаралар нəтижесінде жыл соңына қарай ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 900 млрд. теңгеге жетеді. Біз бұл табыстармен тоқтап қалмаймыз. Келесі жылы бұл көрсеткішті 1 трлн. теңгеге жеткіземіз деп жоспарлап отырмыз. Біздің бүгінгі мақсатымыз – Президентіміздің Агроөнеркәсіп кешеніндегі еңбек өнімділігін жəне ауыл шаруашылығы өнімдерінің экспортын 2,5 есе арттыру туралы тапсырмасын орындау. Ол үшін бізде барлық жағдайлар бар, соның ішінде ең бастысы еңбекқор əрі жауапкершілігі мол адамдар – біздің басты байлығымыз. Сіздер, аграрлық саланың мамандары, өздеріңіздің күнделікті тынымсыз еңбектеріңіздің арқасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халықтың əл-ауқатын арттыруға, жалпы елдің дамуына зор үлес қосып келесіздер. Қажырлы еңбектеріңіз үшін Сіздерге алғыс айтамын", деп сөзін қорытындылады А. Баталов.
Осы жиында облыс әкімі бірқатар азаматтарға марапат тапсырды. Атап айтқанда, Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Еңбек ардагері" медалімен Ақсу ауданындағы "Марлен-А" ЖШС-нің жетекшісі Мұсеке Әміров, Ескелді ауданынан "Романенко В.В" ШҚ-ның басшысы Виктор Романенко, сарқандық "Самал" ШҚ басшысы Ермек Қалиев марапатталды. Сол сияқты өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында Балқаш ауданындағы "Агрофирма Бірлік" ЖШС үздік деп танылып, оның директоры Алмас Қыстаубаевқа І дәрежелі диплом мен "МТЗ-82.1" тракторының кілті берілді. Дәл осындай сыйлық шаруа қожалықтары арасында үздік атанған Жамбыл ауданының "Шалтабаева Ж.Е" шаруа қожалығына тапсырылды. Марапатты қожалық өкілі Талант Сеңгірбаев алды. Жиында сөз алған "Агрофирма Бірлік" ЖШС директоры Алмас Қыстаубаев серіктестіктің жұмысы туралы азды-кем айтып өтті. Оның айтуынша, ұжымның еселі еңбегінің және мемлекеттің жанды қолдауының арқасында биыл 4600 тонна күріш, 7200 тонна астық жиналған. 250 адам еңбек ететін серіктестік ірі және ұсақ мал санын қазір 10 мыңға жеткізген. Малдың жем-шөбі дер кезінде дайындалған, қиындық жоқ. Өнімдерін экспортқа шығаруға ниетті. Қайырымдылықпен де айналысып, көп балалы отбасыларына азық-түлік жағынан көмектесіп тұрады. А. Қыстаубаев еркін еңбек етуге мүмкіндік жасап, барынша қолдау көрсеткен ел басшылығына ризашылығын білдіріп, әріптестерін кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Сонымен қатар "Шалтабаева Ж.Е" шаруа қожалығының өкілі Талант Сеңгірбаев та пікір білдіріп, құттықтау сөз сөйледі.
Ары қарай ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күніне орай марапаттау рәсімдерін жергілікті жерлерде аудан, қала әкімдері жалғастырды.
ІІМ киберқылмыспен күресу үшін IT-мамандарды тартуды жоспарлауда
Қоғам • Бүгін, 19:48
Қазақстанда 2020 жылы ұрлық саны 2 есе азайды
Қоғам • Бүгін, 18:53
Қазақстанның әлемдік экономикалық рейтингтегі орны қандай?
Экономика • Бүгін, 18:04
Қазақстандық колонияларда жаппай бейнебақылау орнатылады
Қоғам • Бүгін, 17:48
Танымал шаңғышы жол апатынан қайтыс болды
Спорт • Бүгін, 17:04
Алматыда екі тәулікте 58 кәсіпкерлік нысанның карантинге бағынбағаны анықталды
Қоғам • Бүгін, 16:36
Спорт • Бүгін, 16:15
Жалғас Жұмағұлов жеңіліп қалды
Спорт • Бүгін, 15:44
Атырау облысында жол апатынан екі адам мерт болды
Аймақтар • Бүгін, 15:09
Құнсыздық құлдың түбіне жетеді
Аймақтар • Бүгін, 14:39
Шетелден ұшып келген жолаушылардан коронавирус анықталған жоқ
Коронавирус • Бүгін, 14:05
Карантин кезінде ойын ұйымдастырған казино анықталды
Аймақтар • Бүгін, 13:59
Дарынды 100 оқушының бірі Талдықорғанда тұрады
Білім • Бүгін, 13:18
Атырауда тұрғын үйде газ жарылып, 3 адам ауруханаға түсті
Аймақтар • Бүгін, 12:50
Жуырда Димаш Құдайбергеннің жаңа бейнебаяны жарыққа шығады
Руханият • Бүгін, 12:16
Пневмониядан 2 адам қайтыс болды
Коронавирус • Бүгін, 11:42
Коронавирус жұқтырған 300-ге жуық науқастың жағдайы нашар
Коронавирус • Бүгін, 11:17
Нұр-Сұлтанда газдандыру жұмысы жалғасып жатыр
Елорда • Бүгін, 10:25
Өткен тәулікте 1 584 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Бүгін, 09:50
Елімізде тағы 839 адам коронавирустан жазылды
Коронавирус • Бүгін, 09:02
Қазақстан күнбағыс тұқымына экспорттық баж салығын енгізуі мүмкін
Экономика • Кеше
Қорғаныс министрі Алматы облысына жұмыс сапарымен барды
Аймақтар • Кеше
Шетелден ұшып келген 2 қазақстандықтан коронавирус анықталды
Коронавирус • Кеше
AКРA: Қазақстанның ұлттық қарызы ІЖӨ-нің 26,6% -на жетуі мүмкін
Экономика • Кеше
Шымкентте жан басына қаржыландырудың көлемі артты
Аймақтар • Кеше
Мақтааралда құрылыс жұмыстарының көлемі 255,4%-ға артты
Аймақтар • Кеше
Экология министрлігі экологиялық құқықбұзушылықпен күреседі
Экология • Кеше
«KazALPack» Орталық Азия аумағында бірегей жобаны жүзеге асырмақ
Аймақтар • Кеше
Пневмониядан 1 адам қайтыс болды
Коронавирус • Кеше
Коронавирус жұқтырған 302 адамның жағдайы нашар
Коронавирус • Кеше
Өткен тәулікте 1 548 адам коронавирус жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Елімізде тағы 1050 адам індеттен айықты
Коронавирус • Кеше
Қазақстанның ватерполшылары Нидерландпен күш сынасады
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Конор Макгрегордың табысы қанша?
Спорт • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда әйелдер онкологтарға тегін қарала алады
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың күшіне енуіне орай СІМ мәлімдеме жасады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Жандос Бүркітбаев Денсаулық сақтау вице-министрі қызметіне тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Зинедин Зидан коронавирус инфекциясын жұқтырды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Нұрсұлтан Назарбаев елорда әкімін қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Елбасы Бейбіт Атамқұловты қабылдады
Елбасы • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда Көк-Төбедегі ағаштар заңсыз кесіліп жатыр
Экология • 22 Қаңтар, 2021
Канадада Қазақстандағы парламенттік сайлау қорытындылары талқыланды
Әлем • 22 Қаңтар, 2021
Абай атындағы ҚазҰПУ-да Директорлар кеңесінің төрағасы сайланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Бірқатар облыста ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 22 Қаңтар, 2021
Алматының АT-архитектура жоспары бекітілді
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Түркістанда 1361 дау медиаторлардың қатысуымен оң шешілген
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Тұрғын үй жағдайын жақсарту үшін біржолғы зейнетақы төлемдерін пайдалану ережелері түсіндірілді
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Қызмет барысында қаза тапқан полицейлерді еске алу жиыны өтті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
«Ер Едіге-Ноғайлы дәуірінің жыры» атты музыкалық альбом жарық көрді
Руханият • 22 Қаңтар, 2021
Карантин шараларын бұзғаны үшін жабылған мекемелердің тізімі жарияланды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ержан Бабақұмаров COVID-19-дан сақтану шараларын күшейтуді тапсырды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ақтөбе облысы әкімінің экс-орынбасары 12 жылға сотталды
Қоғам • 22 Қаңтар, 2021
Мемлекет басшысы Алексей Цойды қабылдады
Президент • 22 Қаңтар, 2021
Ауыл шаруашылығы министрлігі аппаратының жаңа басшысы тағайындалды
Тағайындау • 22 Қаңтар, 2021
Атырауда 35 жастағы азаматшаны тонап кетті
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Әлеуметтік жарнаманы қалыптастыру бойынша конкурс ұйымдастырылады
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Алматыда кәсіпкерлерді қызметкерлерін МӘМС жүйесінде 25 қаңтарға дейін сақтандыруға шақырды
Қазақстан • 22 Қаңтар, 2021
Мақтаралда көктемгі егіс жұмыстары басталды
Аймақтар • 22 Қаңтар, 2021
Ұқсас жаңалықтар