Қазақстанның Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесінің мәні қайта қаралмағандықтан, қысқа мерзімді депозиттер бойынша ұсынылатын максималды мөлшерлемелер өзгеріссіз қалады. Олар базалық мөлшерлемеге сәйкестендірілгендігін айта кеткен жөн. Сондай-ақ нарықтық трендтер негізінде есептелетін ұзақ мерзімді депозиттер бойынша мөлшерлемелер де сақталды.
Толықтыру құқығы жоқ, 12 айға арналған жинақ салымдар теңгелік депозиттер ішінде ең табыстысы болып қала бермек – 14%. Еске саламыз, жинақ депозиттердің ерекше өзшеліктерінің бірі – мерзімінен бұрын ақша алуға қатаң шектеу қойылғандығында. Сол үшін де банктер олар бойынша ең жоғары мөлшерлемелер ұсынады. Одан басқа, теңгедегі жинақ депозиттер бойынша 15 млн теңге көлемінде жоғары кепілдік сомасы қарастырылған.
|
Толықтырылатын депозиттер бойынша, % |
Толықтырылмайтын депозиттер бойынша, % |
||
2020 Желтоқсан |
2021 Қаңтар |
2020 Желтоқсан |
2021 Қаңтар |
|
Мерзімсіз депозиттер |
9,0 |
9,0 |
9,0 |
9,0 |
Мерзімді депозиттер |
||||
3 ай |
9,0 |
9,0 |
9,5 |
9,5 |
6 ай |
9,0 |
9,0 |
9,5 |
9,5 |
12 ай |
10,3 |
10,3 |
10,7 |
10,7 |
24 ай |
9,1 |
9,1 |
9,4 |
9,4 |
Жинақ депозиттер |
||||
3 ай |
10,0 |
10,0 |
10,5 |
10,5 |
6 ай |
10,0 |
10,0 |
10,5 |
10,5 |
12 ай |
12,3 |
12,3 |
14,0 |
14,0 |
24 ай |
11,7 |
11,7 |
13,2 |
13,2 |