Қоғам • 05 Желтоқсан, 2020

Алматыда карантин талабын бұзғандарға 70 млн теңгедей айыппұл салынды

216 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Карантин режімі мен санитарлық-эпидемиялық нормаларының сақталуын бақылайтын Алматының 32 мониторингтік тобы күн сайын заң бұзушылықтарды анықтап отыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда карантин талабын бұзғандарға 70 млн теңгедей айыппұл салынды

8 қараша мен 3 желтоқсан аралығында 504 мониторинг шаралары жүргізілді, оның барасында мониторинг жүйесіне кіретін жалпы саны 4 108 нысан қамтылды. Соның нәтижесінде карантин шараларын бұзудың 945 фактісі анықталды.

Сонымен қатар мониторингтік топтардың жұмысы демалыс күндері күшейеді: шектеу шараларын бұзу фактілерін анықтау мақсатында кейбір жекелеген жерлерді қадағалау жұмыстары жүргізіледі.

Мониторингтік топтар жүргізген тексерістер нәтижесінде келесі шаралар қабылданды: карантин шаралары сақталмағаны үшін әкімшілік құқықбұзушылық жөнінде 770 хаттама толтырылды. Жалпы сомасы 67,5 млн теңгеге заңды тұлғаларға 170 және жеке тұлғаларға 530 айыппұл салынды. Жүйелі бұзушылықтар бойынша 13 материал сотқа берілді.

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына аудандар бойынша төмендегідей материалдар жіберілді:
- Медеу ауданында 9 шұғыл хабарлама бойынша 5 материал («Манана» мейрамханасы, «Отрар бар» ЖШС, «Централ» дәмханасы, «Hookah Dreams» лаундж-бары, «Небо» ресто-бары);
- Түрксіб ауданы бойынша 3 материал («Раяна» мейрамханасы Илахунов ЖК, «Атлантис» бильярд клубы Бижанов Р.М. ЖК, «Прованс» дәмханасы);
- Алмалы ауданы бойынша 3 материал («Арагоста», «Дегирмен» дәмханасы, «Дореми» караокесі);
- Әуезов ауданы бойынша 2 материал («Мята» лаундж-бары, «Алматы» караоке-бары).

Естеріңізге сала кетейік, шектеу шаралары мен санитарлық ережелерді жүйелі түрде (2-3 рет) және қасақана бұзу фактілері анықталған жағдайда материалдар аумақтық прокурорларға ӘҚБтК-нің 462-бабының 3-тармағы бойынша құқық бұзушыларды тарту және сотқа беріп, іс қозғау үшін беріледі. Заңнамаға сәйкес, құқық бұзушылардың жауапкершілігі ұйымның қызметін тоқтатуға дейін қарастырылған.