Коронавирус • 06 Желтоқсан, 2020

Коронавирус жұқтырған 1010 бала ем қабылдап жатыр

527 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирус жұқтырған 14014 адам ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Коронавирус жұқтырған 1010 бала ем қабылдап жатыр

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 14 014 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1010 бала бар. Стационарларда 3 575 науқас жатыр.  10 439 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 230 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 37 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 30 науқас өкпені  жасанды желдету аппаратында жатыр.