Әлем • 07 Желтоқсан, 2020

Нил Робертсон снукерден Ұлыбритания чемпионы атанды

161 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Англияның Милтон-Кинс қаласында снукерден өткен Ұлыбритания чемпионатында Нил Робертсон аса тартысты болған финалдық ойында Джадд Трампты 10:9 есебімен жеңіп, 200 мың фунт стерлингті (113 млн 181теңге) құрайтын бас жүлдеге иелік етті, деп хабарлайды Egemen.kz

Нил Робертсон снукерден Ұлыбритания чемпионы атанды

Еске салар болсақ, Ұлыбритания біріншілігі снукер бойынша әлем чемпионатынан кейінгі ең ірі турнир.

Осы жетістіктен кейін Нил Робертсон 1043000 ұпай жиып, әлемдік рейтингте әлемнің алты дүркін чемпионы Ронни О'Салливанды (924500) екінші сатыдан ығыстырды. Ал көш басында қоржынында 1764500 ұпайы бар Джадд Трамп тұр.

Жалпы, Джадд Трамп пен Нил Робертсон осымен 22 рет өзара күш сынасты. Оның 13-інде әлемнің әзірге ең үздік ойыншысы басым түссе, 9 ойында Робертсон үстем болды.

 

 

Қарағанды облысы