04 Желтоқсан, 2013

Қазақстан – халықаралық академия мүшесі

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сауд Арабиясы Корольдігінің Астанасы Эр-Риядта өткен Ислам әлеміндегі белді ұйымдардың бірі – халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясының XXI съезінде Қазақстан тұңғыш рет осы ұйымның тұрақты мүшесі болып қабылданды.

Сауд Арабиясы Корольдігінің Астанасы Эр-Риядта өткен Ислам әлеміндегі белді ұйымдардың бірі – халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясының XXI съезінде Қазақстан тұңғыш рет осы ұйымның тұрақты мүшесі болып қабылданды.

45 елден келген Ислам ғұламалары мен фақиһтері алқалы жиында мұсылман әлемінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, мұсылман жұртшылығын алаңдатып жүрген тақырыптарды талқыға салды. Ғалымдардың алты күндік ғылыми кеңесінің нәтижесінде «Генетика, ген­­дік инженерия, адам геномы», «Сукук (ислам банк­те­рінің өнімі) құралы», «Қар­жы­лық операциялардағы хедж», «Малды тоқпен ұру ар­қылы бауыздау», «Ислам мәзһабтары арасындағы диалог», «Жүргізушілердің жыл­дамдықты шамадан тыс асырулары мен жол ережелеріне деген немқұрайлықтарына қатысты қылмыстық жауапкершілік», «Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмекке алкоголь немесе шошқа майы секілді харам заттарды, түрлі қоспаларды қосу» сынды мәселелерге қатысты ғалымдардың пәтуалары шықты.

1977 жылы негізі қаланған халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясы – бүгінгі Ислам ғұламалары мен фа­қи­һтерінің басын құрайтын мұсылмандардың ғылыми ор­талығы болып есептеледі. Құрамына 57 елдің ғалымдары кіретін қарашаңырақта қазіргі күннің көкейкесті мәселелері кеңінен қаралып, оларға қатыс­ты Ислам ғұламаларының ортақ пәтуалары шығып отырады.

«Егемен-ақпарат».

Соңғы жаңалықтар

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Бүгін, 21:50