Сауд Арабиясы Корольдігінің Астанасы Эр-Риядта өткен Ислам әлеміндегі белді ұйымдардың бірі – халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясының XXI съезінде Қазақстан тұңғыш рет осы ұйымның тұрақты мүшесі болып қабылданды.
Сауд Арабиясы Корольдігінің Астанасы Эр-Риядта өткен Ислам әлеміндегі белді ұйымдардың бірі – халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясының XXI съезінде Қазақстан тұңғыш рет осы ұйымның тұрақты мүшесі болып қабылданды.
45 елден келген Ислам ғұламалары мен фақиһтері алқалы жиында мұсылман әлемінің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасып, мұсылман жұртшылығын алаңдатып жүрген тақырыптарды талқыға салды. Ғалымдардың алты күндік ғылыми кеңесінің нәтижесінде «Генетика, гендік инженерия, адам геномы», «Сукук (ислам банктерінің өнімі) құралы», «Қаржылық операциялардағы хедж», «Малды тоқпен ұру арқылы бауыздау», «Ислам мәзһабтары арасындағы диалог», «Жүргізушілердің жылдамдықты шамадан тыс асырулары мен жол ережелеріне деген немқұрайлықтарына қатысты қылмыстық жауапкершілік», «Тамақ өнімдері мен дәрі-дәрмекке алкоголь немесе шошқа майы секілді харам заттарды, түрлі қоспаларды қосу» сынды мәселелерге қатысты ғалымдардың пәтуалары шықты.
1977 жылы негізі қаланған халықаралық Ислам фиқһы (каноны) академиясы – бүгінгі Ислам ғұламалары мен фақиһтерінің басын құрайтын мұсылмандардың ғылыми орталығы болып есептеледі. Құрамына 57 елдің ғалымдары кіретін қарашаңырақта қазіргі күннің көкейкесті мәселелері кеңінен қаралып, оларға қатысты Ислам ғұламаларының ортақ пәтуалары шығып отырады.
«Егемен-ақпарат».