Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

Індет жұқтырғандармен жұмыс істеген дәрігерлер 14 млрд теңге үстемақы алды

117 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев ОКҚ-да өткен брифингте COVID-19-бен күреске жұмылдырылған дәрігерлер мен медицина қызметкерлерін қолдау шаралары туралы есеп берді.

Індет жұқтырғандармен жұмыс істеген дәрігерлер 14 млрд теңге үстемақы алды

Ковидпен науқастанған пациенттермен инфекциялық стационарларда жұмыс істейтін мегаполистің медицина қызметкерлері жұмыс істеген сағаттарына қарай ай сайынғы үстемеақыларын алады.

Биылғы жылдың 9 айында жалпы сомасы 14 млрд. теңгеден астам төлем жүргізілді. Осы кезеңде ай сайын 3,5 мыңнан 7,5 мыңға дейін медицина қызметкері үстемеақы алды.

КВИ-мен күрес барысында жұмыс орнында бұл дертті жұтырып, науқастанып қалған 1491 медицина қызметкері белгіленген төлемді алды. Бұған қосымша 50 медицина қызметкері жергілікті бюджеттен әлеуметтік төлемдер алды. Бүгінгі таңда кадрлық резервте 2450 медицина қызметкері бар.