Аймақтар • 07 Желтоқсан, 2020

Қандай жағдайда Алматыда карантин күшейтілуі мүмкін?

392 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін мегаполис әкімі Орталық коммуникациялар алаңындағы тікелей эфирде есеп берген кезінде «15желтоқсаннан бастап Алматыда карантин күшейеді екен», деген алып-қашты сыбыстарға түсініктеме берді.

Қандай жағдайда Алматыда карантин күшейтілуі мүмкін?

Фото авторы: Максим Золотухин

Қазір эпидемиялық ахуал бойынша «жасыл аймақта» тұрмыз. Оның алдында «сары» және «жасыл» аймақтар арасында едік.

Сонымен Бақытжан Сағынтаевтың сөзіне қарағанда, алда бізді не күтіп тұрғанын адам болжап болмайды. Бірақ барлығы да өзіміздің тәртібіміз бен жауапкершілігімізге байланысты.

«Біз қанша адам ауырғанда «жасыл бағдаршам», қандай жағдайда «қызыл» жанып, қатаң шаралар қабылдауға мәжбүр болатынымызды анықтадық. Қазір біз «жасыл» аймақта тұрмыз. Егер тәртіп пен талапқа бағынбай, бетпердесіз жүрсек, арақашықтық сақтамасақ, күніне індет жұқтырғандар саны 100-150 адамға жетсе, одан қатаң шаралар қабылдауға тура келеді», деді бүгін әкім.

 

 

АЛМАТЫ