Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін Орталық коммуникациялық қызметінде өткен брифингте мегаполистің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары туралы мәліметтер берді.
Алматы әкімі Б. Сағынтаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету және бағаның өсуін ұстап тұру Алматы әкімдігі жұмысының басты бағыттарының бірі екенін атап өтті.
«Жедел шаралар пакеті дереу қабылданды. Азық-түліктік Тұрақтандыру қорын толықтыру үшін жергілікті бюджеттен 7 млрд теңгеден астам қаржы бөлінді», - деді Б.Сағынтаев.
Сауда жүйелеріне «айналмалы сызба» бойынша 44,6 мың тонна әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 16 түрін жеткізу өзінің жоғары тиімділігін көрсетті.
Айта кетерлігі, Алматылық несиелерді «айналымда ұстаудың» алматылық тәжірибесіне сүйене отырып, республикалық деңгейде «ЖҚЗ-ның бағасын тұрақтандыру тетіктерін іске асырудың типтік ережелері» қабылданды.
АЛМАТЫ