Коронавирус • 08 Желтоқсан, 2020

Тәртіпке бағыну – тән саулығы

305 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін

Сақтық – саулық негізі екені күн сайын айтылып та, жазылып та жүргені анық. Бірақ маңызына мән беріп, тереңіне үңіліп жатқан жандар аз. Олай дейтініміз, сыры белгісіз дертпен сырқаттанушылар саны артуда. Емхана есігінен енушілер де азаймай тұр. Дендеген дертті дер кезінде тоқтату маскадан емес, ауызбіршіліктен екенін түсінетін уақыт жеткен сияқты. Тәртіпке бағынсақ, талап та күшеймейді, ауру да асқынбайды.

Тәртіпке бағыну – тән саулығы

Денсаулық сақтау министр­лігінің мәліметінше қазіргі уа­қытта коронавирус инфекциясынан 14 096 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 1 010 бала бар. Стационарларда 3 687 науқас жатыр. 10 409 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 241 адамның халі нашар. Соның ішінде 39 нау­қас­тың жағдайы аса ауыр деп баға­лануда. 33 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Денсаулық сақтау министр­лігі бұдан былай тәуліктік нәти­желер ту­ралы ақпаратты үзбей жариялап отырады. Бар­лық мәлімет ресми сайтта жә­не ведомствоның әлеу­меттік желілердегі парақшалары ар­қылы таратылады. Атап айт­қанда, нау­қастардың жалпы саны жөнінде, қай­тыс болу дерек­тері туралы және қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады.

Санитарлық-эпидемиялық ба­қылау комитеті сайтында Бас мем­ле­кеттік санитар дәрігері Ерлан Қия­совтың жаңа қаулысы жарияланды. Жаңа қаулыға сәйкес, босанатын жүкті әйелге перзентханаға серікте­сін ертіп кіруге рұқсат етілмек. Ол үшін серіктес адамда нәтижесі бе­ріл­ген күннен бастап 3 тәуліктен аспа­ған ПТР-тестінің теріс нәти­жесі бар анық­­тама болуы шарт.

«Қазақстан Республикасы­ның мем­лекеттік шекарасында­ғы өткізу пункттерінде коронавирус инфекциясы ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Бас мемлекеттік санитар­лық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қ­а­зандағы №59 қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді. Қазақстанға шетелден әуе рейстерімен ке­летін адамдарға қа­тысты іс-шараларды мынадай тәр­тіп­пен жүргізуді қамтамасыз ет­сін: ертіп жүретін адамдарда Қазақ­станның Мемлекеттік ше­карасын кесіп өткен сәтте нә­тижесі бе­ріл­ген күннен бас­тап 3 тәуліктен ас­пайтын ПТР әдісімен COVID-19-ға тес­тінің теріс нәтижесі бар анық­тама бол­ған кезде 5 жасқа де­йінгі бала­ларды, Қазақстан Респуб­лика­сы­н­ың үкіметтік делегацияларын; авиа­ком­паниялар экипаждарын қос­пағанда, барлық келген адамдар анықтама ұсынуға мін­детті. Сон­дай-ақ шетел­ден халықаралық жолаушылар авиа­рейстерімен келген адам­дар­ға қатысты шектеу шаралары осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жүргізіледі», делінген құжатта. Атал­ған қаулы бүгін сағат 00:00-ден бастап күшіне енеді.

Денсаулық сақтау министр­лігі мен Ресейдің тікелей инвестициялар қоры (РФТИҚ) әлемде алғашқы тіркелген коро­на­вирусқа қарсы «Спут­ник V» вакцинасын тіркеп, сон­дай-ақ оны өндіру және тарату рәсімін жүргізу үшін ынтымақтастық туралы келісімге келді. Тиісті құжатқа елі­міздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мен РФТИҚ бас директо­ры Ки­рилл Дмитриев қол қойды. Қа­зақстанның реттеуші ор­гандары қажетті рәсімдерді аяқ­тағаннан кейін Ресей технология трансферін жүргізеді және ел аумағында «Спут­ник V» вакцинасының кемінде 2 млн до­засын өндіруге арналған субстанцияны жеткізеді.

«Президент Қасым-Жомарт ­То­қаев Ресей Президенті Вла­димир Пу­­тинмен Қазақстанда «Спутник V» вак­цинасын шыға­ратын зауыт салу ту­ралы келісті. Бұл Келісім екіжақты қа­рым-қатынасқа серпін береді, сон­дай-ақ коронавирус инфекциясы пан­­демиясымен тезірек күресуге мүм­­кіндік туады деп сенемін», деді А.Цой.

Мамандардың айтуынша, Қа­зақ­стан аумағында «Спут­-
ник V» вакци­насын шығару ло­гис­­тикалық шығын­дарды азай­туға және қысқа мерзімде вакцинаны медициналық мекемелерге жеткізуге мүмкіндік береді.

«РФТИҚ пен Қазақстан ара­сын­дағы келісімнің нәтижесінде, ха­лық­қа адамның аденовирус­тық век­­торларының тексерілген және жақ­­сы зерттелген платформасында құ­­рылған тиімділігі 91%-дан асатын коронавирусқа қарсы вакцина қол­жетімді болады. Сонымен қатар екі ел арасында технологиялық, ғылы­ми және медициналық тәжірибе ­алмасу кеңейеді», деді РФТИҚ ­бас директоры К.Дмитриев.

Қазіргі уақытта Беларусь, БАӘ, Венесуэлада және бірқа­тар басқа елде «Спутник V» вак­цинасының III клиника­лық зерт­теу фазасы, сондай-ақ Үн­дістанда II-III фаза­сы мақұл­данды. 50-ден аса елден 1,2 млрд-тан аса доза сатып алу ту­ралы өті­нім түсті. Шетелдік на­рық­қа арналған вакцина­ны РФТИҚ ха­лық­аралық се­ріктестері Үн­дістан, Бра­зилия, Қытай, Оң­түстік Корея және тағы төрт ел шы­ғарады.

Естеріңізге сала кетейік, 24 қа­рашада Н.Ф.Гамалеи атын­дағы ЭМҰҒО мен РФТИҚ ран­­до­ми­за­цияланған плацебо-ба­қыла­на­тын клиникалық тір­кеу­ден кейінгі коро­навирусқа қарсы «Спутник V» вакци­на­сы 40 мың еріктінің қаты­суы­­мен зерттеудің III кезе­ңі­­нің екінші аралық тал­да­уы­­ның оң нәтижелерін жа­рия­­лады. Зерттеудің ара­лық нә­ти­­желері тағы бір рет адам­ның аденовирустық вектор­ла­­ры­ның жақсы зерттелген плат­­­формасында құрылған әлем­­­дегі алғашқы тіркелген ко­­­ро­­­на­вирусқа қарсы вакцина «Спут­­ник V» вакцина­сының жо­­ғары тиімділігін көрсетті. Тиім­­ділікті бағалау вакцинаның бі­­­рінші инъекциясын (екінші инъек­ция­ны алғаннан кейінгі 7-күн) немесе клиникалық зерт­­теу хаттамасына сәй­кес екін­ші бақылау нүктесіне жет­­кен­де пла­цебо ал­ғаннан ке­йін­гі 28-күні 18 794 ерікті ара­сын­да жү­зеге асы­рыл­ды. Тал­дау қоры­тын­дысы бо­йынша «Спут­ник V» тиімділігі 91,4%-ды құ­рады.

Өткен аптадағы мәлімет бо­йынша елімізде коронавирус ин­фекция­сынан қайтыс болған 44 жағдай тір­келді. Дәлірек айт­сақ, Шығыс Қа­зақстан облысында – 11, Алматы қа­ласы – 8, Нұр-Сұлтан қаласында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 6, Солтүстік Қазақстан облысында – 5, Ақмола облысында – 2, Атырау облысында – 2, Алматы облысында – 1, Қостанай облысында – 1, Маңғыстау облысында – 1, Шымкент қаласында 1 адам індеттің кесірінен көз жұмды. Қазақстанда COVID-19-дың салдарынан барлығы 2 034 адам қайтыс болды.