Қаржы • 08 Желтоқсан, 2020

Зейнетақы төлемдерін алуға шақырды

260 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ зейнет жасына жеткен, қорда зейнетақы жинақтары бар және зейнетақы төлемдерін алуға өтініш бермеген адамдарды қордағы жинақтарын алуға шақырды.

Зейнетақы төлемдерін алуға шақырды

«Әсіресе 59,5 жасқа былтыр толған әйелдердің назарын ерекше аударғы­мыз келеді. Егер олар төлем тағайындауға жыл соңына дейін жүгінбесе, мұны келесі жылы тек 60 жасқа толғаннан кейін ғана жасай алады. «Қазақстан Республика­сын­да зейнетақымен қамсыз­дан­дыру туралы» заңына сәйкес әйелдердің зейнетке шығу жасы жыл сайын жар­ты жылға ұлғайып, 2027 жы­лы ерлермен теңесетіні белгілі. Естеріңізге сала кете­йік, БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдері алушы өтініш берген күннен бастап белгіленеді және зейнетақы жинақ­тары таусылғанға дейін жүзеге асырылады» делінген қор мәлімдемесінде.

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты бірың­ғай өтініш беру үшін Мемле­кеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес «Азамат­тарға арналған үкімет» мем­лекеттік корпорация­­сы» КеАҚ-қа өзіңізге ыңғай­лы уақытта жүгіну қажет. Зейнетақы төлемін тағайын­дау туралы өтінішті зейнет­керлік жасқа толғанға дейінгі 10 күн ішінде беруге болады.

Бірыңғай өтініш негізін­де алушыға Мемлекеттік кепіл­дік (инфляция дең­гейін ескере отырып, нақ­ты енгізілген міндетті зей­нет­ақы жарналарының, мін­детті кәсіптік зейнетақы жарналарының сомасы мен зейнетақы жинақтарының сомасы арасындағы айырма) төлеу бойынша белсенді қызмет те көрсетіледі.

БЖЗҚ алушылардың Қазақстан Республикасы заң­намасының ережелеріне сәйкес есептелген зейнетақы төлемдерінің сомаларын Мемлекеттік корпорацияға аударады. Ай сайынғы зей­нет­ақы төлемінің мөлшері Үкіметтің 2013 жылғы №1042 қаулысымен бекітілген Зейнетақы төлемдерінің мөлшерін есептеуді жүзеге асыру әдістемесіне сәйкес есептелген зейнетақы төлем­дерінің жылдық сома­сының он екіден бір бөлігі ретінде айқындалады.

Бұл ретте ай сайынғы зей­нет­ақы төлемінің есептелген мөлшерінің төлемі рес­пуб­­ли­ка­лық бюджет туралы заң­да тиісті қаржы жылына бел­гі­­лен­ген ең төмен күнкөріс дең­­­ге­йінің 54 пайызы­нан кем емес мөл­шерде жүзеге асы­рыл­а­­ды (01.04.2020 ж. бастап – 17 640,72 теңге = 54% * 32 668).

Егер өтініш берілген күнгі зейнетақы жинақтарының сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен зейнетақының он екі еселенген мөлшерінен аспайтын болса, бұл сома алушыға БЖЗҚ-дан бір рет біржола төленеді. 2020 жылдың 1 сәуірінен бастап бұл сома 485 292 теңгеге тең.

 

АЛМАТЫ