04 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасының Заңы

302 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 – 2016 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы

1-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферттің мөлшерлері

Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджетке кепілдендірілген трансферттің мынадай мөлшерлері бекітілсін:

2014 жыл – 1 380 000 000 мың теңге;

2015 жыл – 1 380 000 000 мың теңге;

2016 жыл – 1 380 000 000 мың теңге.

2-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

1. Осы Заң 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

2. «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2013 – 2015 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» 2012 жылғы 20 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2012 ж., № 17, 113-құжат) күші жойылды деп танылсын.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 29 қараша. № 147-V ҚРЗ

Соңғы жаңалықтар

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Бүгін, 21:50