04 Желтоқсан, 2013

Қазақстан Республикасының Заңы

290 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы

1-бап. «2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2012 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2012 ж., № 18-19, 118-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 12, 60-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

1) 1, 2 және 20-баптар мынадай редакцияда жазылсын:

«1-бап. 2013 – 2015 жылдарға арналған республикалық бюджет тиісінше 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес, оның ішінде 2013 жылға мынадай көлемдерде бекiтiлсiн:

1) кiрiстер – 5 152 711 777 мың теңге, оның iшiнде:

салықтық түсiмдер бойынша – 3 511 723 367 мың теңге;

салықтық емес түсiмдер бойынша – 88 890 504 мың теңге;

негiзгi капиталды сатудан түсетiн түсiмдер бойынша – 7 700 000 мың теңге;

трансферттер түсiмдерi бойынша – 1 544 397 906 мың теңге;

2) шығындар – 5 743 716 813 мың теңге;

3) таза бюджеттiк кредиттеу – 40 831 419 мың теңге, оның iшiнде:

бюджеттiк кредиттер – 122 125 013 мың теңге;

бюджеттiк кредиттердi өтеу – 81 293 594 мың теңге;

4) қаржы активтерiмен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 158 721 629 мың теңге, оның iшiнде:

қаржы активтерiн сатып алу – 167 531 629 мың теңге;

мемлекеттiң қаржы активтерiн сатудан түсетiн түсiмдер – 8 810 000 мың теңге;

5) тапшылық – -790 558 084 мың теңге немесе елдiң жалпы iшкi өнiмiнiң 2,3 пайызы;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру – 790 558 084 мың теңге.

2-бап. 2013 жылға арналған республикалық бюджетте Ресей Федерациясының «Байқоңыр» кешенiн пайдаланғаны үшін 17 480 000 мың теңге сомасында және әскери полигондарды пайдаланғаны үшін 3 767 472 мың теңге сомасында жалдау ақыларының түсiмдері көзделсiн.»;

«20-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылға арналған резервi 46 024 637 мың теңге сомасында бекiтiлсiн.»;

2) көрсетілген Заңға 1 және 4-қосымшалар осы Заңға 1 және 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.

2-бап. Осы Заң 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының ПрезидентіН.НАЗАРБАЕВ.

Астана, Ақорда, 2013 жылғы 29 қараша. № 146-V ҚРЗ

Соңғы жаңалықтар

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Бүгін, 21:50