Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2020

"Saryarqa Jugiru" онлайн-жарысына барлық қазақстандықтар қатыса алады

210 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтанда 13 желтоқсанға дейін өтетін бір апталық «Saryarqa Jugiru» онлайн-жарысы басталды. Бүгінгі таңда оған қатысуға 120 адам тіркелді. Алайда, өтінімдер жарыс кезінде де қабылданады. Жарысқа www.jgr.kz сайтында 13 желтоқсанға дейін онлайн тіркелуге болады. Жарыс жынысы мен жасына қарамастан, спортқа қарсы көрсетілімдері жоқ жандардың барлығына қолжетімді.

"Saryarqa Jugiru" онлайн-жарысына барлық қазақстандықтар қатыса алады

«Saryarqa Jugiru» қашықтығы - 5 шақырым. Іс-шараға қатысушылар оны 7-13 желтоқсан аралығында өте алады. Қатысушылар 5 км маршрутты апта ішінде бірнеше рет кез-келген ыңғайлы уақытта жүгіре алады. Жеңімпазды анықтау үшін спортшының ең жақсы ұпайы қолданылады. Ең бастысы - тіркелу және қатысудың барлық шарттарын орындау.

Ол үшін Strava қосымшасында жүгіру көрсеткішін тіреу керек. Әрі қарай, нәтижелер тексеру процедурасынан соң www.jgr.kz сайтында жарияланады.

«Сонымен қатар қатысудың маңызды шарттарының бірі - Instagram парақшаңызда жарыс туралы хабарлама жариялау және #saryarkamarathonchallenge іс-шара хэштегін, Нұр-Сұлтан жеңіл атлетика федерациясының @nsathleticskz, «Jugiru» платформасының @jgr.kz және Сарыарқа ауданы әкімдігінің @saryarka.akimat профильдерін, белгілеу», - дейді ұйымдастырушылар.

Жеңімпаздар 16 желтоқсанда марапатталады.

Көктал-1 тұрғын алабының жаңа саябағында қашықтыққа жүгірген қатысушыларға арналған сыйлықтар:

1 орын - iPhone 12

2 орын - 300 $

3 орын - 200 $

Қаланың басқа бөліктерінде жүгірген және Қазақстан Республикасының басқа қалалары мен облыстарында, сондай-ақ республикадан тыс жерлерде тұратын қатысушыларға арналған сыйлықтар:

1 орын - 150 $

2 орын - 100 $

3 орын - 75 $

Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлер мерейтойлық медальдармен және сертификаттармен марапатталады. Барлық егжей-тегжейлі ақпаратты jgr.kz ресми сайтынан алуға болады.

Еске сала кетейік, елорда әкімдігінің қолдауымен өтіп жатқан спорттық шара ұйымдастырушылары - Қазақстан Республикасының Жеңіл атлетика федерациясы, Нұр-Сұлтан жеңіл атлетика федерациясы.