Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2020

Нұр-Сұлтанда қоғамдық кеңес қызметі жөнінде дөңгелек үстел өтті

136 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада «Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесі: азаматтық қоғаммен байланыс құралдарын өрістету» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Нұр-Сұлтанда қоғамдық кеңес қызметі жөнінде дөңгелек үстел өтті

Қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары және қалалық әкімдік өкілдері қатысқан шарада 2019 жылдың наурызынан 2020 жылдың қыркүйегіне дейінгі қоғамдық кеңес қызметінің талдамасы ұсынылды.

Қоғамдық кеңес мүшесі Алтынай Нұркееваның айтуынша, зерттеу кезінде кеңестің ресми ресурстарындағы контент-талдамасы, отырыстардың хаттамалары, ұсыныстары, сарапшылар сауалнамасы пайдаланылған.

«Біз қызметтің әсерлілігінің бағасын тексердік. Ол тек қоғамдық кеңес мүшелері үшін ғана емес, біздің қайда бағыт алғанымызды көру үшін, олқылықтардың орнын толтыру үшін алдымен қоғамға қоғамға қажет. Ақпаратты жинау жұмысы жүргізілді. Онда материалдар, құжаттар, отырыстардағы хаттамалар, ұсыныстар қолданылды. Осының арқасында бізге жұмысты жүйелендіруге, хаттамалар мұрағатын жасауға, оларды цифрландыруға мүмкіндік туды. Бүгінде соның бәрін көпшілікке қолжетімді етуді жоспарап отырмыз», – деді Алтынай Нұркеева. 

Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық кеңесі 2016 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Бүгінде кеңес құрамында 21 адам бар. Сонымен қатар зерттеу кезінде кеңестің демографиялық-гендерлік құрамы мәселесіне де талдама жасалған.

«Өкінішке қарай қоғамдық кеңесте 20-дан 30-ға дейінгі жастар жоқ деген шынайы сын айтылады. Біздің қатарымыздың көбі – елу жастан асқандар. Негізгі санат – 36-40 жас. Егер гендерлік мәселені айтар болсақ, қоғамдық кеіес мүшелерінің 19 пайызын әйелдер құрайды», – деді Алтынай Нұркеева.

Айта кесек, 2019 жылдың наурыз айынан бастап 2020 жылдың қыркүйегіне дейін 25 отырыс өткізіліп, онда 102 мәселе қарастырылған.

Сондай-ақ шара барысында қоғамдық кеңес қызметінің бағасы қаралып, кеңес жұмысының алдағы дамуы жайлы ұсыныстар айтылды.