![Минскіден келген жолаушыдан коронавирус анықталды](/media/2020/12/08/samolet.jpg)
964 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 884 адам, анықтамасыз 80 адам – ҚР азаматтары келді.
Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 340 жолаушы, анықтамамен – 320, анықтамасыз – 20;
Алматы қаласының әуежайына – 4 рейс, 480 жолаушы, анықтамамен – 426, анықтамасыз – 54;
Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен – 132, анықтамасыз – 6;
Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, барлық 6 жолаушы анықтамамен келді.
Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша Минскіден ұшып келген жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.