Аймақтар • 08 Желтоқсан, 2020

Батыс Қазақстанда ПТР тест бағасы 6 мың теңгеден басталады

139 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2020 жылдың желтоқсан айынан бері облыс бойынша 1 227 адам зертханалық тексеруден өткен, ал індет басталғалы – 217 867 адамнан сынама алынған. Бүгінгі күні облыс ПТР-диагностикасы үшін 52 916 зерттеуге арналған 1 058 тест-жүйесімен қамтамасыз етілген.

Батыс Қазақстанда ПТР тест бағасы 6 мың теңгеден басталады

Батыс Қазақстан облысы - COVID-19 коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес «жасыл аймақта».

Тұрғындар арасында COVID-19 коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу және оны уақытылы анықтауда зертханалардың рөлі ерекше. Өңірде COVID-19-ға ПТР әдісімен тестілеу өткізуге арналған 10 зертхана жұмыс істейді:
1. ҚР ДСМ СЭБК "Ұлттық сараптама орталығы" ШЖҚ РМК БҚО бойынша филиалы;
2. ШЖҚ "Облыстық көпбейінді аурухана" МКК;
3. "Олимп" КДЗ;
4. ШЖҚ "Бөрлі аудандық ауруханасы" МКК;
5. "Медициналық орталық" ЖШС;
6. ҚР ДСМ АҚИҰҒО ШЖҚ РМК "Орал обаға қарсы күрес станциясы" филиалы;
7. "СВА Интертич" ЖШС;
8. "INVIVO" ЖШС;
9. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ;
10. «A-Class Medical» ЖШС (келісім-шарт бойынша).

Тұрғындарға ыңғайлы болуы үшін зертханалардың мекенжайы мен жұмыс уақыты stopcovid.kz. сайтында орналасқан. ПТР-тестілеудің бағасы 6 мың теңгеден басталады.