![ҰҚК Алматыда бірлескен операция өткізді](/media/2020/12/08/sayt-2_0.jpg)
ҚР ҰҚК жедел-іздестіру іс-шаралары барысында «Күзет «МКК» АҚ қоймаларында азаматтық және қызметтік қару айналымын бақылау саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып, ірі қару-жарақ арсеналы заңсыз сақталғаны туралы мәлімет алынды.
Ғимараттың периметрі қоршалмаған, қаруды сақтауға арналған үй-жайлар мақсатты пайдалануға арналмаған, күзет тек екі қызметкердің күшімен қамтамасыз етіледі.
Террористік, экстремистік ұйымдар мен қылмыс өкілдеріне оны тиісінше сақтамау туралы ақпарат түскен, сондай-ақ электоралдық кезеңде қауіп-қатерге жол бермеген жағдайда қару арсеналын ұрлау ықтималдығын ескере отырып, алдын алу шаралары қабылданды.
Нәтижесінде 254 тіркелмеген атыс қаруы мен 38 жарақат салатын қару, сондай-ақ 4600 түрлі оқ-дәрілер табылып, тәркіленді.
Аталған дерек ҚР ҚК 287-бабының 3-бөлігі бойынша СДТБТ тіркелді. Тергеу-жедел іс-шаралары жалғасуда.