2020 жылдың 16-31 желтоқсан аралығында Санкт-Петербург қаласының Музыкалық комедия театрының сахнасында француз композиторы Клод-Мишель Шенбергтің "Мисс Сайгон" мюзиклы өтеді.
Олардың көбі петербугтік көрерменнің алдында алғаш рет өнер көрсетпек. Солардың бірі – танымал кино және театр актері, "Сахнагер-2019" Ұлттық театр жүлдесінің лауреаты, Нұр-Сұлтан қаласында алғаш ашылған Музыкалық жас көрермен театрының жетекші актері Расул Усманов. Расул негізгі құрамдағы басты ролдердің бірінде (Туи) ойнайды.
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Музыкалық жас көрермен театрының басшылығы мен ұжымы жоба ұйымдастырушыларына және қойылымның барлық актерлеріне сәттілік тіледі.