Тағайындау • 08 Желтоқсан, 2020

Алматыда Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы тағайындалды

324 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өкімімен Нариман Табынбаев Алматы қаласының Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыда Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы тағайындалды

Нариман Табынбаев 1961 жылы 23 ақпанда туған. Алматы Мемлекеттік медицина институтын, Қазақ инженерлік-техникалық академияны тәмамдаған. Профессор, медицина ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын 1985 жылы Қызылорда облысының Орталық аудандық ауруханасында балалар хирургі болып бастаған.

1988 жылдан 1994 жыл аралығында эндоскопия бөлімінің меңгерушісі, Қызылорда қаласындағы облыстық аурухананың бас дәрігерінің диагностикалық орталығы бойынша орынбасары болып жұмыс істеген.

1994 жылдан 1997 жыл аралығында Алматы облысының Орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің емдеу жұмысы жөніндегі орынбасары болды.

1997 жылдан 2002 жыл аралығында Урология ғылыми орталығында ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, бас дәрігер болып жұмыс істеді.

2008 жылдан 2014 жыл аралығында Қызылорда қаласындағы облыстық медициналық орталықтың директоры, Урология ғылыми орталығының директоры қызметтерін атқарды.

2014-2015 жылдар аралығында Астана қаласындағы "Ұлттық медициналық холдинг" АҚ басқарма төрағасының орынбасары болды.

2015 жылдан 2018 жыл аралығында Астана қаласындағы Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығының директоры болып жұмыс істеді.

2019 жылдан 2020 жыл аралығында Fox Chase Cancer Center (Philadelphia, АҚШ), University of Minnesota (Minneapolis, АҚШ) тағылымдамадан өтті.

Бүгінгі тағайындауға дейін ол Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы "Орталық қалалық клиникалық ауруханасы" ШЖҚ МКК директоры қызметін атқарған.