Елорда • 08 Желтоқсан, 2020

Елордалық iQala орталығы тағы төрт қызметпен толықты

247 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

IQala қалалық орталығы "Астана-Теплотранзит" АҚ-ның тағы төрт қызметімен толықтырылды. Енді елорда тұрғындары келесідей қызмет түрлерімен пайдалана алады, деп хабарлайды Egemen.kz

Елордалық iQala орталығы тағы төрт қызметпен толықты

1. Жеке тұлғаларға арналған сыртқы жылу желілерін гидропневматикалық жуу және сығымдау бағдарламасын қарау және келісу;

2. Заңды тұлғаларға арналған сыртқы жылу желілерін гидропневматикалық жуу және сығымдау бағдарламасын қарау және келісу;

3. Заңды тұлғалар үшін ыстық сумен жабдықтау су өлшегіштерінің көрсеткіштерін беру;

4. Заңды тұлғалар үшін ыстық сумен жабдықтау су есептегіштерін тіркеу.

Күн сайын iQala тобы қызметтерді автоматтандырумен айналысады, олардың санын порталда көбейту қолға алынған. Бүгінгі күні Орталық жеке және заңды тұлғаларға 141 қызмет түрін көрсетеді, оның 36-сы – "Астана-Теплотранзит" АҚ-ның қызметтері.

Орталық электрмен жабдықтау, жылумен жабдықтау және сумен жабдықтау, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша келісімшарттар жасау қызметтерін Орталықтың фронт-кеңсесінде, сондай-ақ www.iqala.kz порталында онлайн режимде ұсынуда.

Қызметті онлайн режимде алу үшін жылжымайтын мүлікке құқықты растайтын құжаттардың сканерленген нұсқасы және ЭЦҚ қажет болады. Айта кетсек, ЭЦҚ-ны жеке тұлғар қалалық қызмет көрсету орталығында да ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, iQala орталығы күн сайын сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін Р.Қошқарбаев даңғылы, 29 мекенжайы бойынша жұмыс істейді.