04 Желтоқсан, 2013

Қытайда құлағына бақбақ өсіп шыққан балаға ота жасалды

360 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04 12- oduvanchikҚытай астанасы – Бейжің қаласындағы балалар ауруханасында күтпеген оқиға орын алды. Туғанына 16 ай болған нәресте құлағы ішіне өсіп шыққан бақбақты тамырымен алып тастауға арналған ота жасалған болатын. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

Жергілікті бұқаралық ақпарат құралындағы жарияланған ақпаратта әлгі өсімдіктің көлемі 2 сантиметр екені жазылған. Бұл бақбақ 4 ай көлемінде сыртқа өсіп шыққан. Бүлдіршін анасы журналистерге берген сұхбатында осыдан біршама мерзім бұрын баласы құлағын мазасызданып қасып, жылай бергесін дәрігерлерге көрсеткенін айтыпты. Оны тексерген дәрігерлер қыз баланың құлағына бақбақ өсіп келе жатқанын анықтаған. Нәресте анасы бұдан кешірек қимылдағанда, өсімдік тамыры ми қабатына қарай өркен жайып кетеді екен. Осыған дейін бұл жерге құлақтарына жер жаңғақ, ірі бұршақ немесе шеге түсіп кеткен адамдар келген көрінеді. Ал құлақ ішіне бақбақ өсу жағдайы бірінші рет кездесіп отыр. «Бақбақ құлақ қуысын толық жауып қалыпты, оны ауыртпай алу үшін анестезия жасауға тура келді», – дейді дәрігер-отоларинголог Гу Цинлун. Ол сөз орайында мұның алдында құлағынан 100-ге жуық құрттар тізбегі табылған сәби келгенін атап өтті. Жалпы, жергілікті жердегі ауруханаға жылына денесінің әр жерінен өзгеріс байқалған 200-дей адам келеді екен.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: ИТАР-ТАСС

Соңғы жаңалықтар

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Бүгін, 21:50