04 Желтоқсан, 2013

Қарағандыда бір ит музыкаға билейтінімен интернет жұлдызына айналды

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04 12-buҚарағанды облысында бір ит интернет жұлдызына айналды. Бұл туралы Nur.kz хабарлады.

Бұл ит 80-ші жылдары хитке айналған Modern Talking әніне билейді екен. Қожайынның айтуына қарағанда, төбеттің билегеніне жарты жыл болған. Оның осы әрекетін жергілікті жердегі электриктер ұялы телефонға түсіріп, ғаламторға жүктеген көрінеді. Қазір бұл итке қатысты әртүрлі пікірлер айтылып қалып жүр. Бірі иттің талантына тәнті болса, бірі тар қапаста ұстамау қажеттігін жеткізген. Әннің ырғағына қарай қимылдайтын итті көрушілер қатары күннен-күнге артып келе жатыр. Ғаламтор арқылы пікір білдіргендер арасында төбетті сатып алуға ниет білдіргендер де бар. Бірақ қожайын әзірге ешбір ұсынысқа нақты тұжырым жасаған жоқ. Оның әнді ұғынатын және билейтін құпиясын да ашып айтпады. Сирек кездесетін мұндай жағдай балғындарды да қызықтыра түсті.

Бақытбек Кенешұлы.

Дереккөз: Nur.kz

Соңғы жаңалықтар

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Бүгін, 21:50