Әдістемелік ұсынымдарға сәйкес жоғары оқу орындары аралық және қорытынды аттестаттау процедураларын прокторинг жүйесімен қамтамасыз етеді, сондай-ақ студенттердің барлық жазбаша жұмыстары антиплагиат жүйелері арқылы тексеріледі.
Осы мақсатта "SEB", "Aero", "Examus", "Proctopus", "Oqylyq", "OES", "Live.atu.kz", "Hesperus" секілді прокторинг жүйелері және көшіріп алуды анықтайтын "Антиплагиат", "Plagiat.pl", "Strikeplagiarism.com", "Turnitin" и "Unihub" жүйелері пайдаланылады.