04 Желтоқсан, 2013

Мәскеуде Үлкен театрдағы жанжалға соңғы нүкте қойылды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

04 12 - Ulken teatrМәскеуде Үлкен театр балетінің жетекші солисті Павел Дмитриченконы осы мекеменің көркемдік жетекшісі Сергей Филиннің денсаулығына қастандықпен зиян келтіргені үшін алты жылға бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарылды. Бұл туралы «Аргументы и факты» газеті мәселе көтеріді.

Бұдан бұрын сот Үлкен театрдың көркемдік жетекшісі Сергей Филиннің денсаулығына қастандықпен зиян келтіргені үшін Павел Дмитриченко, Юрий Заруцкий мен Андрей Липатовты айыпты деп таныған болатын. РИА «Новости» хабарлағандай, Заруцкий он, ал Липатов төрт жылға бас бостандығынан айырылды.  

Мәскеуде Сергей Филинге қастандықпен шабуыл жасалған еді. Қаскөйлер көркемдік жетекшінің бетіне қышқыл сұйықтық шашып жіберген. Беті мен көзі жарақаттанған ол қалалық ауруханаға жеткізілді. Ол жерден шыққан соң Филин денсаулығын оңалту мақсатында Германияға аттанды. Көру қабілетін қалпына келтіру үшін балетмейстер жалпы 20 операцияны бастан өткеріп шықты.

Прокуратура соттан шабуылды ұйымдастырғаны үшін Дмитриченконы 9, ал болжам бойынша қылмысты жасаған Заруцкийді 10 жылға бас бостандығынан айыруын сұраған болатын.

Сот Филиннің өтемақы жөніндегі шағымын қанағаттандырды. Айыптылар оған 3,5 млн. рубль төлейтін болды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Aif.ru

Соңғы жаңалықтар

Уақытпен үндескен радио

Қоғам • Бүгін, 21:50