Сайлау • 09 Желтоқсан, 2020

Байқаушылармен кездесті

178 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) мүшелерінің ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның Сайлауды байқау жөніндегі Шектеулі миссиясымен кездесуі өтті.

Байқаушылармен кездесті

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Берік Имашев жақында Нұр-Сұлтан қаласына келген ЕҚЫҰ/ДИАҚБ Сайлауды байқау жөніндегі Шектеулі миссиясының мүшелерін қарсы алды.

Б.Имашев миссия мүшелерін сай­лаудың жарияланғанынан бастап дауыс беру күніне дейінгі науқанның негізгі кезеңдерімен қысқаша таныстырды.

Миссияның басшысы, елші Ярослав Мар­­чин Домански Қазақстан тарапына қа­был­дағаны үшін алғысын білдіріп, мис­сияның не­гіз­гі тобының мүшеле­рімен таныстырды.

Тараптар бүкіл сайлау кезеңінде бел­сенді өзара іс-қимыл жасау туралы уағдаласты. Кез­десу соңында тарап­тар дәстүрлі түрде қалып­­тасқан ынтымақ­тас­тық пен ізгі ниет қа­тынас­тары 2021 жылы Қазақстан Республикасы Пар­ламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлау кезінде жалғасын табатынына сенім білдірді.

Байқаушылар тобы ел билігінің Қазақ­стан­дағы Парламенттік сайлауды ба­қылауға ша­қыруынан кейін келген. Құрамында 11 сарапшы бар негізгі топ Нұр-Сұлтанда орналасқан. Тағы 24 байқаушы 15 желтоқсаннан бастап келе бастайды, олар елдің барлық аймағына жіберіледі.

Миссия сайлаудың ЕҚЫҰ міндет­те­ме­леріне және демократиялық сайлаудың басқа халықаралық мін­дет­темелері мен стандарттарына, сон­дай-ақ ұлттық заңнамаға сәйкестігін бағалайды. Байқаушылар сайлаушылар мен кандидаттарды тіркеуді, үгіт-насихат жұмыстарын, сайлау әкімшілігі мен тиісті мемлекеттік органдардың жұмысын, сайлауға қатысты заңнаманы және оның орындалуын, сайлауға қатысты дауларды шешуді мұқият бақылайтын болады. Сондай-ақ миссия науқанның бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қадағалайды.

Бақылау барысында миссия мемле­кеттік органдардың, саяси партиялардың, азаматтық қоғамның, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық қоғамдастықтың өкілдері­мен кездеседі. Миссия дауыс беру күні бірқатар сайлау учас­келе­ріне барып, сайлауды бақылау бо­йынша ЕҚЫҰ Парламенттік Ассам­блеясының делегациясымен күш бірік­тіреді.

Сондай-ақ жұмыс барысында аралық есеп жариялауы шарт. Сайлаудан кейінгі күні баспасөз конференциясында алдын ала және соңғы қорытындылар туралы мәлімдеме жасалады. Ал бақылау қорытындылары мен ұсыныстар бойынша есеп сайлау процесі аяқталғаннан кейін екі айдан кейін жарияланады. Демократиялық институттар және адам құқықтары жөніндегі бюро мен миссия ЕҚЫҰ-ның Нұр-Сұлтандағы Бағдарламалар кеңсесінен бөлек және тәуелсіз жұмыс істейтінін айта кеткен жөн.