
Астананың «Барыс» хоккей клубы Челябіде жергілікті «Трактор» командасымен кездесіп, қарсыластарын 4:0 есебімен ұтты. Бұл туралы www.egemen.kzтілшісі хабарлады.
Мұның алдында «Барыс» 28 қараша күні челябілік команданы қабылдап, өз айдынында «Трактордан» 1:5 есебімен есе жеңілген болатын. Астаналықтар соның есесін Челябіге барып, қайтарды десе болады. Бұл матчта Дмитрий Уппер, Роман Старченко, Найджел Доус пен Михаил Паньшин бір-бір шайбаның авторы атанды. Осы жеңістен кейін «Барыс» Қазан қаласының «Ақ Барс» командасының арасындағы ұпай айырмашылығын бір ұпайға қысқартты. Қазір Құрлықтық хоккей лигасының «Шығыс» конференциясында Татарстан астанасының командасы 68 ұпаймен көш бастап келе жатса, «Барыста» 67 ұпай бар.
Енді отандастарымыз келесі ойынын ертең, яғни 5 желтоқсан күні Нижнекамскіде «Нефтехимик» командасымен өткізеді. Командалар мұз айдынға Астана уақыты бойынша 21:00-де шығады.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: www.khl.ru